04.10.2006, 18:14 3242

Ауыл шаруашылығы санағының "Өсімдік шаруашылығы" саласы бойынша І кезеңі аяқталды

АЛМАТЫ. 4-қазан. Kazakhstan Today. Ауыл шаруашылығы санағының "Өсімдік шаруашылығы" саласы бойынша І кезеңі аяқталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі агенттігінен хабарлады.

Ауыл шаруашылығы министрі А.С.Есімовтің төрағалық етуімен кеше Республикалық бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағына жәрдемдесу комиссиясының кезекті отырысы болып өтті, оған облыстық санаққа жәрдемдесу комиссияларының төрағалары, облыстық және Астана мен Алматы қалалары статистика басқармаларының бастықтары, сондай-ақ мүдделі министрліктер мен ведомстволар қатысты. Отырыс барысында ауыл шаруашылығы санағының І кезеңін жүргізу қорытындылары жасалып, ауыл шаруашылығы санағының келесі ІІ кезеңіне дайындық мәселелері қаралды.

Ауыл шаруашылығы санағы І кезеңінің қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен, өңдеумен және сақтаумен айналысатын 9097 заңды тұлғалар, 192932 шаруа (фермер) қожалықтары, 2180401 үй шаруашылықтары, 535742 саяжай учаскелері қамтылды, бұл 2000 жылдың осындай көрсеткіштерінен заңды тұлғалар бойынша 35%-ға, шаруа (фермер) қожалықтары бойынша 83%-ға асып түсті, үй шаруашылықтары мен саяжай учаскелері бойынша тиісінше 0,2%-ға және 36,6%-ға кеміді. Жалпы егістік алаңы 2000 жылмен салыстырғанда 0,2%-ға азайған.

Санақ барысында мынадай үйлер анықталды, үйлер әлдеқашан жоқ, участке қараусыз қалған, ал бірақ тізімде адамдар тұратын үйлер ретінде есепте тұр. Осындай жағдайлар саяжай учаскелері бойынша да кездесті. Нәтижесінде санаққа алуға жататын саяжай учаскелерінің төрттен біріндейі, яғни 129240 және 0,6% немесе 12401 үй қараусыз қалған. Бірқатар облыстарда азаматтарға "жалған сұхбат жүргізушілер" келген, сұхбат жүргізушілерді ит қапқан, санақ кадрларының жол-көлік оқиғаларына ұшыраған жағдайлар тіркелді. Санақ барысында осындай 15 оқиға тіркелді.

Қазақстан халқының санаққа белсенді қатысқандығы, санақшыларға деген оң көзқарасы, азаматтардың санақ парақтарындағы сұрақтарға дұрыс жауап беруге дайындығы, олардың ауыл шаруашылығы санағын жүргізудің маңыздылығы мен қажеттілігін түсінгендігі атап айтылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны