18.10.2017, 17:57 6706

"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Ақмола облысына биыл 2 млрд. теӊгеге жуық қаржы бөлген

"Илихан-Имір" кооперативініӊ төрағасы Құнанбай Серғазинов: "Бізде 31 шағын шаруашылық біріккен. Сүтті кооператив мүшелерінен бөлек ауыл тұрғындарынан да қабылдаймыз. Күніне 7 тоннадай сүт жиналады. Жалпы 8 ауылдан, шамамен, 200 шаӊырақ тапсырады. Қазіргі таӊда 4 сүт таситын көлігіміз бар. Сәуір айынан Көкшетаудағы зауыттарға 500 тоннадан астам сүт жеткіздік. Бұл ауыл тұрғындары үшін де тиімді", - дейді.

Көкшетау. 18 қазан. Kazakhstan Today - "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Ақмола облысы облыс бойынша бүгінгі таӊда 2 млрд. теӊгеге жуық қаржы бөлген, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Ақмола филиалы директорыныӊ орынбасары Абзал Кенжеахметовтыӊ айтуынша, облыс бойынша бүгінгі таӊда 2 млрд. теӊгеге жуық қаржы бөлінген. Қордыӊ қатысуымен 38 кооператив құрылса, оныӊ 25 - сүт, 13 - ет бағытында. Мұндай кооперативтіӊ құрамына әрбір ауыл тұрғыны кіре алады. Сүт бағыты бойынша 6 млн., ет бағытына 4 млн. теӊгеге дейін несие беріледі. Бағдарлама 2021 жылға дейін жалғасады. Бұл - ауылдыӊ тұрмысын жақсарту үшін қолайлы бағдарлама болып табылады.

Ақмола облысыныӊ Зеренді ауданында ағымдағы жылдыӊ наурыз айында "Илихан-Имір" ауылшаруашылық өндірістік кооперативі құрылған. Кооператив Көкшетау қаласындағы өндіруші кәсіпорындарға күніне 2,5 тонна сүт жеткізіп тұрады, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі.

"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" акционерлік қоғамы "Илихан-Имір" кооператив мүшелерін "Ырыс" бағдарламасы бойынша сүтті бағыттағы мал сатып алу үшін қаржыландырған. Сондай-ақ, кооператив қордан несие алып, наурыз айынан бері сүт қабылдау бекетін ашқан.

"Илихан-Имір" кооперативініӊ төрағасы Құнанбай Серғазинов: "Бізде 31 шағын шаруашылық біріккен. Сүтті кооператив мүшелерінен бөлек ауыл тұрғындарынан да қабылдаймыз. Күніне 7 тоннадай сүт жиналады. Жалпы 8 ауылдан, шамамен, 200 шаӊырақ тапсырады. Қазіргі таӊда 4 сүт таситын көлігіміз бар. Сәуір айынан Көкшетаудағы зауыттарға 500 тоннадан астам сүт жеткіздік. Бұл ауыл тұрғындары үшін де тиімді", - дейді.

Атап өту керек, бұл - отбасылық бизнес. Қ.Серғазиновтыӊ ұлдары Данияр мен Дархан да ауылдардан сүт жинайды. Алдағы уақытта шаруашылықтарын кеӊейтуді жоспарлап отыр.

Ал осы кооперативтіӊ мүшесі Қабиден Қайырқожаұлы 4 млн. теӊге несие алып, 16 бас ірі қара сатып алған. Күніне 100 литрдей сүт тапсырады. Оныӊ айтуынша, мал ұстау - ауылдағы күн көрістіӊ көзі. Бір жағынан сүт тапсырса, екінші жағынан ет тапсырады. Шаруашылықты одан әрі дамытсақ деген үмітте.

Жалпы алғанда, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорыныӊ қаржыландыруымен республикада 400-ден астам кооператив құрылған. Сонымен қатар, 5,8 отбасылық мал бордақылау алаӊын, 134 сүт қабылдау бекетін, 54 сою бекетін, 133 мыӊ ауылшаруашылық түлігін сатып алуды қаржыландырған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны