26.03.2015, 15:47 4871

"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ бағдарламаларыныӊ шарттарына өзгерістер енгізді

2014 жылы "Ырыс" бағдарламасы бойынша 1 034,5 млн.теӊгеге 26 несие берілді, сәйкесінше 224 адам жұмыспен қамтылды. 2015 жылы 2 941,8 млн.теӊгеге 80 жоба қаржыландырылады деп жоспарланып отыр.

Астана. 26 наурыз. Kazakhstan Today - "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Директорлар кеӊесініӊ шешімімен ауыл халқыныӊ әлеуетін көтеру мақсатында кейбір бағдарламалардыӊ шарттарына өзгерістер енгізілді. Енді "Ырыс" бағдарламасы бойынша сатып алынатын асыл тұқымды сүтті ірі қара малдыӊ жасы жабдықтаушыда карантинге қойылған уақытта: тайыншаныӊ жасы - 12 айдан 18 айға дейін (қоса есептегенде), құнажын жасы - 26 айға дейін (қоса есептегенде) болуы тиіс. Сонымен қатар, жеке ветеринардыӊ болуы немесе ветеринария саласында аттестациядан өткен кәсіпкерлікпен айналысатын жеке және заӊды тұлғалардан ветеринарлық қызмет алуы шарт. Егер Қарыз алушы бір ауысымда 500 литр сүтті өндей алатын құрал-жабдығы болып, сүт өндеумен өзі айналысқан жағдайда, сүт өнімдерін қабылдайтын ұйымдармен кемінде 1 жылға өнімді өткізу туралы келісімшартқа тұрмауына болады. Бағдарламаныӊ мақсатты бағытталуы: инвестициялық салымдарда ауыл шаруашылығы кешені субъектілерініӊ субсидиялау бойынша шығындардыӊ бөлігін қайтару Ережесіне сәйкес, субсидиялауға кіретін қажетті ауыл шаруашылығы техникасы мен сүтті-тауарлы фермаларға арналған құрал-жабдықтарын алу., деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2014 жылы "Ырыс" бағдарламасы бойынша 1 034,5 млн.теӊгеге 26 несие берілді, сәйкесінше 224 адам жұмыспен қамтылды. 2015 жылы 2 941,8 млн.теӊгеге 80 жоба қаржыландырылады деп жоспарланып отыр.

"Тамшылатып суару жүйесін енгізу" бағдарламасы бойынша Қарыз алушыныӊ жекеменшік жері немесе уақытша, ақылы, ұзақ мерзімді жалға алу құқыныӊ болуы шарт, не болмаса бірігіп шаруашылықпен айналысуына (өсімдік шаруашылығына жарамды тамшылатып суару құрылғылары орнатылатын кепілдікке алынатын жер телімі болған жағдайда) болады.

Қарқынды (отбасылық) алма бақтарын құру және дамыту бағдарламасына енді жеке тұлғалар да қатыса алады. Бағдарлама қарқынды алма бақтарына арналған техника, құрылғыларды сатып алу үшін, құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ауылды жерде жұмыс істейтін фермерлік шаруашылықтар, шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер, заӊды тұлғалармен қатар, жеке тұлғаларға да қол жетімді болып отыр. Берілетін қарыз/лизинг соммасы 40 000 000 (қырық миллион) теӊгеден 50 000 000 (елу миллион) теӊгеге дейін ұлғайса, негізгі борыш пен сыйақы мөлшерін өтеу бойынша жеӊілдетілген мерзім 36 айға дейін ұзартылды.

2015 жылы бағдарлама бойынша 1,6 млрд.теӊгеге жалпы көлемі 150 га. құрайтын алма бағы отырғызылады деп жоспарланып отыр.

"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны