25.01.2017, 20:07 5457

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорыныӊ 2016 жылғы таза табысы 3,5 млрд. теӊгені құрады

Мысалы, Қордыӊ несиелік қоржыны 69,2 млрд теӊгеден 82,6 млрд. теӊгеге дейін, белсенді қарыз алушылардыӊ саны 28,7 мыӊнан 36,6 мыӊ адамға дейін өсті.

Астана. 25 қаӊтар. Kazakhstan Today - "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры"АҚ 2016 жылы жұмыс нәтижелерін қорытындылады,- деп хабарлайды "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ баспасөз қызметі.

Мысалы, Қордыӊ несиелік қоржыны 69,2 млрд теӊгеден 82,6 млрд. теӊгеге дейін, белсенді қарыз алушылардыӊ саны 28,7 мыӊнан 36,6 мыӊ адамға дейін өсті.

Несиелеу келесі негізгі бағдарламалар бойынша жүргізілді: "Жұмыспен қамту жол картасы 2020", "Бизнестіӊ жол картасы 2020", "Ырыс", "Береке", "Бірлік", "Отбасылық қарқынды бақтар". Жалпы, барлық несиелеу бағдарламалары бойынша 35 млрд теӊгеге 11 мыӊ қарыз берілді. Оныӊ ішінде 24,8 млрд. теӊгеніӊ 9,1 мыӊ несиесі - Жұмыспен қамту жол картасы бойынша.

Өткен жылы Қор 440 отбасылық мал бордақылау алаӊын, 17 сүт қабылдау бекетін, 226 отбасылық сүтті-тауарлы фермасын, 5 шағын қаржы ұйымын қаржыландырып, 24 отбасылық алма бағын іске қосты, 29 нысанда тамшылатып суаруды енгізді, - деді "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ басқарма төрағасыныӊ орынбасары Думан Оспанов.

Алдын-ала қаржылық есептілік бойынша, Қордыӊ өткен жылдағы таза табысы 3,5 млрд. теӊгені құрайды.

2017 жылы Қор Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мен Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысады.

АӨК-ін дамыту мемлекеттік бағдарламасында қойылған негізгі мақсаттардыӊ бірі - ауылшаруашылық кооперативтерді дамыту болып табылады. Ауыл шаруашылық саласындағы барлықы мемлекеттік қолдау, оныӊ ішінде субсидиялар, осы мақсатта бағытталады. Ағымдағы жылы Ауыл шаруашылық министрлігі кооперативтік негізде 220 сүт қабылдау бекетін, 54 мал сою бекетін, малдыӊ 244 мыӊ басына арналған отбасылық мал сою алаӊдарын ашуды жоспарлап отыр.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасыныӊ аясыгда осы жылы 27,1 млрд. теӊге бөліну жоспарланған, оныӊ 16,3 млрд. теӊгесі Қор арқылы ауыл тұрғындарын шағын несиелеуге бөлінеді деп күтілуде.

Қордыӊ басқарма төрағасыныӊ орынбасары Д. Оспановтыӊ айтуынша,жыл қорытындысы бойынша Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда филиалдары қысқа мерзімде ауылшаруашылық кооперативтерді ұйымдастырып, қаржыландыру жоспарын 1,5 есе асырып орындады.

Жақында Астана қаласында өткен директораттыӊ барысында жылдық рейтингі бойынша 1 орын мен Қордыӊ кубогы Жамбыл филиалына тапсырылды. Екінші және үшінші орындарды Атырау және Ақтөбе филиалдары иеленді. Рейтингті анықтауда қаржыландыру жоспарын орындау, ауылшаруашылық кооперативтерді қолдау және қаржыландыру, несиелік қоржынныӊ сапасы, белсенді қарыз алушылардыӊ санын көбейту көрсеткіштері есептелген.

"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" акционерлік қоғамы - "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ құрамына кіретін мамандандырылған қаржы-несиелік ұйымы болып табылады. Қазақстан Республикасыныӊ Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және бақылау жөніндегі агенттігініӊ банктік қарыздық операцияларды жүргізуге лицензиясы бар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны