17.05.2016, 19:14 4076

Ауыл шаруашылығыныӊ негізгі дамуы инвестиция көлемі 22,1%-ға ұлғайды және 25,5 млрд.тенгені құрады.

2016 жылдыӊ бірінші тоқсандағы қорытындысы бойынша жалпы ауыл шаруашылығы өнімініӊ көлемі былтырғы жылғыдан қарағанда 2,9%-ға ұлғайды және 317,8 млрд.тенгені құрады. Осы өсім мал шаруашылығы өнімін өндіру көлемініӊ ұлғаю қаржысы есебінен 3% (303,6 млрд.тенге) қамтамасыз етілді

Астана. 17 мамыр. Kazakhstan Today - 2016 жылдыӊ бірінші тоқсандағы қорытындысы бойынша жалпы ауыл шаруашылығы өнімініӊ көлемі былтырғы жылғыдан қарағанда 2,9%-ға ұлғайды және 317,8 млрд.тенгені құрады. Осы өсім мал шаруашылығы өнімін өндіру көлемініӊ ұлғаю қаржысы есебінен 3% (303,6 млрд.тенге) қамтамасыз етілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ауыл шаруашылығыныӊ негізгі дамуы инвестиция көлемі 22,1%-ға ұлғайды және 25,5 млрд.тенгені құрады.

Қазіргі таӊда Қазақстанныӊ оӊтүтік, батыс және шығыс өӊірлерінде көктемгі-егістік жұмыстары жүріп жатыр. Оныӊ ішінде дәнді дақылдар-963,4 мыӊ гектар, майлы дақылдар-586,1 мыӊ гектар, көпжылдық шөптер-190,8 мыӊ гектар, көкөніс-бақша дақылдары-160,2 мыӊ гектар, картоп-84,3 мыӊ гектар, қант қызылшасы-10,1 мыӊ гектар және мақта өсімдігі-90,0 мыӊ гектар аймақта егілді.

Жедел мәліметтер сүйенсек Ақтөбе облысынан басқа республиканыӊ барлық аймақтарында және аймақтық басқармалардағы ауыл шаруашылығы жағдайы 2016 жылдыӊ 16 мамырға дейін егістік науқаны тоқтаған.

ҚР АШМ мен ҰЭМ бекітілген ағымдағы жылдыӊ көктемгі-егістік жұмыстарын жүргізуге арзандатылған 366,8 мыӊ тонна ЖЖМ жеткізілу қамтамасыз етілді.

2016 жылы ауылшаруашылығы дақылдары 21,6 млн. га алқапты құрайтындығын еске саламыз. Дәнді дақылдар 15,2 млн. га, майлы дақылдар - 1,9 млн. га, мал азықтық дақылдар - 4 млн. га, көкөніс-бақша дақылдары мен картоп - 411 мыӊ га алқапта орналастырылатын болады.

"ІҚМ етініӊ экспорттық әлеуетін дамыту" жобасын іске асыру жалғасуда. 2016 жылдыӊ 1 тоқсанда "Сыбага" жобасы шеӊберінде 10 мыӊ ІҚМ бас сатып алынды. 773 мыӊ ІҚМ басын қамту арқылы 11 мыӊ шаруашылық қатысады. Жайылым жерлерді игеру жұмыстары жалғасуда. 1,8 млн гектар жайылымды жерлерді айналымға салу үшін қазіргі таӊда 848 құдық құрылуда. Ағымдағы жылы 600 құдық енгізіледі.

"Ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы" заӊнын жүзеге асыру барысында заӊға тәуелді басазы қабылданды. Осыған орай ауыл шикізаттарын дайындау және қайта өӊдеу үшін 10 өндіріс кооперативтерініӊ қызметі ұйымдастырылды.

"Астық туралы" заӊныӊ бағыты дұрысталды, астық қолхаттарыныӊ ақпараттық электронды жүйесі құрылды және астық нарығындағы субъекті арасында түсіндіру жұмысы жүргізіліп жатыр.

Фермерлердіӊ жаӊа жоғары өнімді сұрыптарға қол жеткезу үшін сұрыпты сынау жүйесін ырықтандыру бойынша нормативті-құқықтық базасы қалыптастырылды.

ЭДЫҰ ұсынысы шеӊберінде Ұлттық банкімен техникалық көмек көрсету арқылы ҚР өсімдік шаруашылығына параметрлік (индикстік) жүйесін енгізу бойынша шартқа қол жеткізді.

Азық-түлік қауіпсіздігі және ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) министрлері конференциясыныӊ 7-сессиясы шеӊберінде Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы (АҚИҰ) құрылды. Сонымен қатар БҰҰ-ныӊ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымыныӊ (FAO) офисі ашылды. FAO 2016 жылы техникалық көмек ретінде 1,05 млрд тенгені бөліп отыр.

Топырақтыӊ гидромелиоративтік жағдайын жақсарту және суландыру жүйесін қалыпқа келтіру үшін Ислам Даму Банкініӊ 300 млн. доллары тартылмақ.

ҚР АШМ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны