21.06.2011, 12:01 3012

Ауыл шаруашылық министрі ел аумағындағы мал тасымалына бақылау орнатуды сұрайды

"Жекелеген жағдай әлі де шиеленіскен күйі қалып отыр. Белгіленген мерзімде жүргізілген жоспарланған ветеринарлық шараларға қарамастан Батыс Қазақстан облысында аусыл белең алып отыр. Оның туындауының басты себебі буферлік, яғни, аусыл туындаған аумақпен шектесетін жерлерден малдарды тасымалдауға тыйым салу жөніндегі ветеринарлық заң талаптарының бұзылуы болып отыр", - деп мәлімдеді А. Мамытбеков бүгін үкімет отырысында.

Астана. 21 маусым. Kazakhstan Today - ҚР ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков премьер-министрден ветераинарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ел аумағындағы мал тасымалына бақылауды күшейтуді сұрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Жекелеген жағдай әлі де шиеленіскен күйі қалып отыр. Белгіленген мерзімде жүргізілген жоспарланған ветеринарлық шараларға қарамастан Батыс Қазақстан облысында аусыл белең алып отыр. Оның туындауының басты себебі буферлік, яғни, аусыл туындаған аумақпен шектесетін жерлерден малдарды тасымалдауға тыйым салу жөніндегі ветеринарлық заң талаптарының бұзылуы болып отыр", - деп мәлімдеді А. Мамытбеков бүгін үкімет отырысында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны