26.07.2011, 13:35 3241

Ауыл шаруашылық министрлігі 2011 жылғы астық түсімін 16-17 млн тонна деңгейінде болжап отыр

Министрліктің хабарлауынша, астық жинау науқанына дайындық жоспар шеңберінде жүруде. Алайда, жоспар үнемі түзетілуде. Ол негізінен ауа-райына байланысты болып отыр. Ең ауыр, жаңбырлы жұмыс жағдайына дайындалу қажет. Дегенмен, ауа-райы болжамы аса ауыр емес, деп хабарлады "Хабар" телеарнасы.

Алматы. 26 шілде. Kazakhstan Today - Ауыл шаруашылық министрлігі 2011 жылғы астық түсімін 16-17 млн тонна деңгейінде болжап отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Министрліктің хабарлауынша, астық жинау науқанына дайындық жоспар шеңберінде жүруде. Алайда, жоспар үнемі түзетілуде. Ол негізінен ауа-райына байланысты болып отыр. Ең ауыр, жаңбырлы жұмыс жағдайына дайындалу қажет. Дегенмен, ауа-райы болжамы аса ауыр емес, деп хабарлады "Хабар" телеарнасы.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары қазірдің өзінде астық жинаумен айналысуда. Бұл жерлерде 200 мың гектар жерден астық жиналған. Астық түсімі гектарынан 14 центнерден асып отыр. Жалпы алғанда биылғы жылы таза түріндегі 16 млн тонна астық жиналады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны