21.01.2008, 16:00 2659

Ауыл шаруашылық министрлігі су ресурстарын интеграциялық басқару бағдарламасын қабылдауды ұсынып отыр

Ауыл шаруашылық министрлігі су ресурстарын интеграциялық басқару бағдарламасын қабылдауды ұсынып отыр

Астана. 21-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Ауыл шаруашылық министрлігі су ресурстарын интеграциялық басқару бағдарламасын қабылдауды ұсынып отыр. Бұл туралы министрліктің алқа отырысында ауыл шаруашылық вице-министрі Ақылбек Құрышбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Су ресурстарын интеграциялық басқару бағдарламасын қабылдауды ұсынамыз. Оның мәнісі су, жер және өзге де ресурстарды үйлестіре дамыту және басқару, су шаруашылығы объектілерінің техникалық жағдайын жақсарту, су есептеудің автоматтандырылған жүйелерін ұйымдастыруда болып табылады", - деп мәлімдеді А. Құрышбаев.

Сондай-ақ, вице-министр республикада құнының 1% тең болатын жоғары мүлік салығымен байланысты ауыз сумен қамтамасыз ету объектілерін пайдалану мәселесі тұрғанын жеткізді. Ол су беру тарифын жоғарылатуға алып келеді. "Сондықтан, гидромелиорация жүйесіне жасалғандай мүлік салығын 0,1% дейін төмендету керек", - деді ол.

А. Құрышбаев қолданыстағы заңға сәйкес, республикада ауыз суды тек топтық сумен қамтамасыз ету жүйелерінен ғана беру қызметінің құны субсидияланатынын еске салды. Сонымен қатар, елімізде 1 куб метріне 150 теңгеге дейін баратын локальдық сумен қамтамасыз ету жүйесі орнатылған ауылдық елді мекендер де бар екен.

"Бүкіл ауыл тұрғындарына бірдей жағдай орнату үшін тиісті заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу және локальдық сумен қамтамасыз ету жүйелерін субсидиялау қажет деп санаймыз. Ол ауыл тұрғындарын қала тұрғындарындай 1 куб метріне 40-45 теңге мөлшерінде ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек", - деп мәлімдеді ол.

Сондай-ақ, вице-министр қазіргі уақытта Қазақстанда кейбір жекелеген бассейндерде 40% дейін жететінін атап көрсетті. Ал әлемдік тәжірибеде су объектілерінің экологиялық ахуалы бұзылмайтын су ресурстарын алу нормасы су ағынының көлемінен 20% аспайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны