25.02.2013, 14:12 2735

Ауыл шаруашылық өндірушілері үшін нарықтық құннан 13%-ға арзандатылған 360 мың тонна ЖЖМ бөлінеді

"Жеңілдетілген жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселесі шешілуде, ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер үшін баға төменірек болады. Мұнай мен мұнай тауарларын сату бойынша өткен ведомство аралық комиссия ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер үшін көктемгі егіс жұмыстарына арнап нарық құнынан 13%-ға арзан 360 мың тонна жанар-жағармаймен қамтамасыз етуді шешті", - деді А.Мамытбеков.

Астана. 25-ақпан. Kazakhstan Today - Егіс науқаны кезінде қаражаттандыру құралдары көмегімен жанар-жағармай материалдарына баға нарық құнынан 13%-ға арзандатылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков Орталық коммуникациялар қызметі Ресми өкілінің баспасөз мәслихатында мәлім етті.

"Жеңілдетілген жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселесі шешілуде, ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер үшін баға төменірек болады. Мұнай мен мұнай тауарларын сату бойынша өткен ведомство аралық комиссия ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер үшін көктемгі егіс жұмыстарына арнап нарық құнынан 13%-ға арзан 360 мың тонна жанар-жағармаймен қамтамасыз етуді шешті", - деді А.Мамытбеков.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта ауыл шаруашылық техникасының деңгейін бақылау жүргізіліп жатқаны атап өтілді. Бүгінгі таңда трактор паркінің 74%-ы, егіс кешендерінің 77%-ы жұмысқа дайын.

Жалпы алғанда, көктемдік-жаздық егіс науқанына 3 мыңнан астам жоғары өнімділік кешендері қатысады деп болжануда.

Министр ағымдағы жылы АӨК субъектілерін қолдауға шамамен 60 млрд теңге қарастырылғанын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны