16.02.2018, 16:39 7767

Ауылдағы шағын кәсіпкерлікті қаржыландыруға 2018 жылы 34 млрд.теӊге сомасына шағын несие беру жоспарлануда

Астана. 16 ақпан. Kazakhstan Today - Соӊғы үш жылдыӊ ішінде "ҚазАгро" Ұлттық холдингі тарапынан ауылдағы шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру көлемі 1,8 есе өсті.

2018 жылы 34 млрд.теӊге сомасына шағын несие беру жоспарлануда. Осы мақсатқа "ҚазАгро" Холдингініӊ құрамындағы қаржы-несиелік ұйымы Қаржылай қолдау Қоры арқылы өнімдер желісі экспортқа бағытталған келісімдері бар шаруашылықтарға ірі және ұсақ аналық мал басын сатып алуды қарастыратын несиелеу бағдарламаларымен толықтырылу жоспарлануда. Қаржыландыру үшін қажетті құжаттар пакетін оӊтайландыру мақсатында e-gov.kz мәліметтер базасымен интеграцияны жүргізу жоспарланған.

2017 жылы Қор арқылы ауыл кәсіпкерлігін қаржыландыруға 50 млрд.теӊге бағытталды.

Сондай ақ, несиелеу көлемі 2015 жылы27,3 млрд теӊге болатын болса, 2016 жылы - 34,9 млрд теӊге, ал 2017 жылы берілген несиелер көлемі 49,9 млрд теӊгеге жетті.

Өткен жылы Қор 2017-2021 жылдарға арналған Агроөнеркәсіп кешенін дамыту және Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысты.

Несиелеу келесі негізгі бағдарламалар бойынша жүргізілді: отбасылық тауарлы сүт фермаларын құру және дамыту бойынша "Ырыс"бағдарламасы; малды бордақылауға арналған "Береке" бағдарламасы; ауылшаруашылық мал мен құстарды көбейту бойынша "Игілік" бағдарламасы;ет, сүт және жеміс-көкөніс бағыттарында сервистік-дайындау ұйымдарын қаржыландыру бойынша "Ынтымақ" бағдарламасы; отбасылық қарқынды алма бақтарын құруға арналған бағдарлама.

- Өткен жылы Қор жалпы сомасы 49,9 млрд теӊге 13 238 жобаны қаржыландырды. Бұл қаражаттыӊ арқасында 13 837 адам жұмыспен қамтылды, - дейді "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Басқарма төрағасыныӊ орынбасары Думан Оспанов.

Сонымен қатар, Қор сенімді өкіл ретінде "Дипломмен - ауылға" бағдарламасыныӊ аясында ауылды жерлерге жұмысқа келген жас мамандарға тұрғын үй сатып алу үшін 11 млрд теӊгеге 3 424 қарыз берді.

Жүргізілген несиелеудіӊ нәтижесінде өткен жылы 6 689 отбасылық мал бордақылау алаӊы, 159 сүт қабылдау бекеті, 67 мал сою бекеті құрылып, 51 сүт тасымалдау көлігі мен 40 рефрижератор, бордақылауға 104 мыӊ бас және 52,6 мыӊ аналық мал басы сатып алынды.

Жалпы, "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы Холдингі 2017 жылы АӨК қолдауға 266,7 млрд.теӊге бағыттады, соныӊ ішінде АӨК несиелендіруге - 245,7 млрд.теӊге. Несиелендіру құрылымындағы шағын және орты бизнестіӊ үлесі 94 пайызды құрайды. 2017 жылы 22 мыӊ-ға жуық несие берілді, Холдинг бағдарламалары арқылы АӨК субъектілерініӊ қамтылуы 60 пайызға өсті. Қарыздыӊ орта сомасы 11 млн.теӊгені құрады. Бұл 62,8 мыӊ адамды жұмыспен қамтып, жаӊа жұмыс орындарыныӊ ашылуына септігін тигізді. Түрлі сала бағыттарыныӊ қажеттілігіне және агробизнес көлемдеріне икемделген 40-тан астам несие өнімдері жүзеге асырылуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны