27.01.2009, 13:27 1804

Ауылдардағы шаруашылықтарды ірілендіру жұмыстары үлкен қиындықтармен алға жылжып келеді - Қазақстанның ауылшаруашылығы министрі

Ауылдардағы шаруашылықтарды ірілендіру жұмыстары үлкен қиындықтармен алға жылжып келеді - Қазақстанның ауылшаруашылығы министрі

Шымкент. 27 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Ауылдардағы шаруашылықтарды кооперативтер құру арқылы ірілендіру жұмыстары үлкен қиындықтармен алға жылжып келеді. Бұл туралы еліміздің ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев кеше Шымкентте өткен "Агроөнеркәсіптік кешендегі серіктестік" атты өңірлік форум барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Ауылдардағы шаруашылықтарды кооперативтер құру арқылы ірілендіру жұмыстары үлкен қиындықтармен алға жылжып келеді. Бүгінгі күні елімізде осындай 148 кооператив құрылған, соның ішінде Жамбыл облысында - 4, Қызылорда облысында - 9, Оңтүстік Қазақстан облысында - 48-і құрылған. Ал іс жүзінде олар әрбір ауылдық округте құрылуға тиіс", - деді А. Күрішбаев.

Министрдің айтуынша, осы процесті ынталандыру үшін "Аграрлық несиелік корпорация" АҚ арқылы жүзеге асырылатын арнаулы бағдарлама жасалған.

"Ол тауар өндірушілердің кооперативтеріне жеңілдетілген несиелер беруге бағытталады. Бұл істе ауылдық жерлердегі тауар өндірушілер арасында түсіндіру жұмыстарын қарқынды жүргізудің маңызы зор. Сол себепті барлық облыстарда жұмыс топтары құрылған. Дегенмен, бұл жұмыстар қазір Ақмола және Алматы облыстарында ғана белсенді жүргізіліп жатқанын айта кету керек", - деді А. Күрішбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны