28.04.2018, 00:38 4588

Ауылдарға ұшақпен: Ақтөбеде ауданаралық рейстерді ашу жоспарлануда

"Біздіӊ алдымызға Ақтөбе қаласыныӊ әуежайынан ұшатын авиамаршруттарды кеӊейту тапсырмасы қойылды. Қазіргі таӊда біз басқа қалалар мен елдерге жаӊа рейстер ашу және кеӊейту бойынша барлық авиакомпаниялармен жұмыс жасап жатырмыз. Сонымен қатар, біз ішкі рейстерді де дамытумен айналысудамыз.

Ақтөбе. 28 сәуір. KazakhstanToday - Ауылдарға ұшақпен: Ақтөбеде ауданаралық рейстерді ашу жоспарлануда.

Бұл туралы Ақтөбе облысыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз-конференциясында Ақтөбе облысыныӊ жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасыныӊ басшысы Аязбай Усмангалиев хабарлады.

"Біздіӊ алдымызға Ақтөбе қаласыныӊ әуежайынан ұшатын авиамаршруттарды кеӊейту тапсырмасы қойылды. Қазіргі таӊда біз басқа қалалар мен елдерге жаӊа рейстер ашу және кеӊейту бойынша барлық авиакомпаниялармен жұмыс жасап жатырмыз. Сонымен қатар, біз ішкі рейстерді де дамытумен айналысудамыз. Ырғыз ауданындағы метеорит құлаған жерге баруға деген қызығушылық көп. Бүгінде ол жерге машиналарымен, жол таӊдамайтын көліктермен өте көп адамдар келеді, өйткені, біздер арнайы маршруттарды әлі анықтаған жоқпыз. Ырғыздағы әуежайға жөндеу жүргізілді", - деді Ақтөбе облысыныӊ жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасыныӊ басшысы.

Сондай-ақ, өӊір ішіндегі тағы да бірнеше бағыттар қарастырылуда. Дегенмен, оныӊ бәрі жолаушылар ағынына байланысты. Тұрғындар ауылдарына әуе кемесімен жетуге деген қызығушылық артқан сайын авиатасымалдаушылар да тезірек табылады.

"Шалқар қаласыныӊ бағытымен де жұмыс жүргізудеміз. Ол жердегі әуежайды жөндеу қажет. Сол сияқты, Байғанын бағыты туралы да мәселе бар. Ол үшін бізге 16 не болмаса, 20 орындық шағын ұшақтары бар және кез-келген топыраққа қона алатын авиакомпаниялар керек. Ийтсе де, барлығы да жолаушылар ағынына байланысты. Егер жолаушылар болмаса, рейстер де әзірше болмайды. Көпшілік адамдар машиналармен жүргенді артық көреді", - деп сөзін қорытындылады А.Усмангалиев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны