16.01.2008, 10:48 1634

Ауылдық тұтыну кооперативтерін құруға биыл 700 млн теңге бөлінбек

Ауылдық тұтыну кооперативтерін құруға биыл 700 млн теңге бөлінбек

Астана. 16-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - "Аграрлық несиелік корпорация" АҚ 2008 жылы ауылдағы тұтыну коопертивтерін 700 млн теңгеден астам сомаға несиелендіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне корпорацияның баспасөз қызметінде хабарлады.

"Жылдық өсімі 5% жеңілдетілген несие сүт, ет, жеміс-жидек, көкөніс, балық, ұн және жүн өнімдерін тереңдетілген өңдеуге бағытталған жобаларға берілмек. Бұл несиені алу үшін кем дегенде 10 шаруашылық біріккен кооператив құру керек және өз шикізатыңды өңдеу жұмыстарын ұйымдастыру қажет", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Корпорация қызметкерлерінің айтуынша, мұндай талап ұсақ шаруашылықтарды бірігуге итермелейтін болады. Сондай-ақ, өз өніміңді тұтынушыға дейін делдалдарсыз жеткізуге мүмкіндік бермек.

Корпорация сарапшыларының айтуынша, осы несиелердің көмегімен 2008 жылы ауылда кем дегенде 20 жаңа шаруашылық ашу жоспарланған.

"Бағдарлама іске асқан 2006 жылдан бері 5,67 млрд теңгеге 79 әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация бойынша жобалар несиеленді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін 60-тан астам шағын зауыт ашылды, 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта несиелік комитеттің талқылауында елдің оңтүстігінде азық-түлік сақтау орнын салуға бағытталған бірнеше жоба жатыр. Мұндай қоймалардың салынуы халықты жыл бойы тұрақты бағамен көкөніс және жеміс-жидекпен қамтамасыз етуге ықпал етуі тиіс.

"Аграрлық несиелік корпорация" АҚ 2001 жылдың 25-қаңтарында құрылған. Корпорацияның 100% акциясы мемлекет меншігінде. 2007 жылы корпорация активі 29,1 млрд теңгені құрады. Өзіндік капиталы - 25,1 млрд теңге болса, жарғылық капиталы 24,4 млрд теңге.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны