07.12.2017, 21:52 7329

Ауылдық жерлерде бизнес ашудыӊ жаӊа мүмкіндіктері бар

Қазіргі таӊда, кепілдендіру құралдарын 183 шаруа пайдаланды. Ерекше атап өтетін бір жайт кепілдік алған 44% (80 шаруа) - бұл стартап-кәсіпкерлер, яғни бизнесін жаӊадан ашқан кәсіпкерлер болып табылады. Жаӊа кәсіпкерлердіӊ үлесі 1 жылдан 3 жылға дейін 24% (45 шаруа) құрайды. Кепілдік алуға өтініш берген жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үлесі - 32% (58 шаруа).

Астана. 7 желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігініӊ өкілдері мен "ҚазАгроКепіл" АҚ Басшылығы брифинг өткізді. Қатысушылар қаржыландыруға қол жеткізуді қамтамасыз етуге тартылған шаруаларға мемлекеттік қолдаудыӊ тиімді құралы ретінде шағын қалаларда және ауылдық жерлерде несие, шағын несиелерді кепілдендіру туралы баяндады.

2017 жылы "ҚазАгроКепіл" АҚ АӨК-тіӊ дамуына зор үлес қосты. Қазақстандық шаруалар үшін қолжетімді қаржыландыруды қамтамасыз ететін және ауыл бизнесін тұрақты, қарқынды дамытатын жаӊа ыӊғайлы қолдау құралдары пайда болды.

2016 жылдыӊ 29 желтоқсанында Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі қаулысымен нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудыӊ 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. "ҚазАгроКепіл" АҚ бағдарламаныӊ екінші бағыты бойынша, атап айтқанда ісін жаӊа бастаған кәсіпкерлер бизнесін ашу, сондай-ақ қолданыстағы бизнесті кеӊейтуге бағытталған шағын қалалар мен ауылдық жерлерде шағын несиелерді/несиелерді кепілдендіру бөлігі бойынша жұмыс жасайды.

Көптеген шаруалар несие алу кезінде кепіл қою жетіспеушілігі мәселелеріне тап болатыны белгілі. Нарықта ауыл мүлкініӊ төлем өтімділігі төмен болуы шаруаларға қажетті қаражатты алуға мүмкіндік бермейді. Мемлекет, шаруалардыӊ мәселелерін түсіне отырып, оларға қол ұшын созды және дәл бүгін оларда бюджет қаражаты есебінен кепілдік алу мүмкіндігі бар. Қазіргі таӊда, кепілдендіру құралдарын 183 шаруа пайдаланды. Ерекше атап өтетін бір жайт кепілдік алған 44% (80 шаруа) - бұл стартап-кәсіпкерлер, яғни бизнесін жаӊадан ашқан кәсіпкерлер болып табылады. Жаӊа кәсіпкерлердіӊ үлесі 1 жылдан 3 жылға дейін 24% (45 шаруа) құрайды. Кепілдік алуға өтініш берген жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үлесі - 32% (58 шаруа).

Қазіргі таӊда берілген кепілдіктердіӊ жалпы сомасы 970 млн. теӊгені құрайды. Қарыз кепілдігі бойынша - 8,7 млн. теӊге, орта кепілдік сомасы - 5,3 млн. теӊге.

Жоғарыда аталған бағдарлама аясында кез-келген кәсіпкер ауылдық жерлерде және шағын қалаларда "Аграрлық несие корпорациясы" қорландыратын кредиттік серіктестіктерден және МҚҰ-нан несие ала алады. Кепіл жетіспеген жағдайда, кәсіпкер кепілдікті "ҚазАгроКепіл" АҚ-нан алуына болады.

Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасыныӊ қатысушылары жұмыссыздар, кәсіпкерлік әлеуеті бар өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, сонымен қатар жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы кооперативтері және оныӊ мүшелері болуы мүмкін.

Кепілдендірілетін несиеніӊ негізгі белгілері. Еӊ жоғарғы сомасы-18 млн. теӊгеге дейін. Кепілдік тек 2017 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап КС/МҚҰ берген несиелер бойынша табысталады. Несиелендіру/кепілдендіру мерзімі - 5 жыл. Мал шаруашылығы және АШӨК ашу саласында - 7 жыл. Кепілдендіруге соӊғы қарыз алушы үшін жылдық ставкасы 6% бойынша берілген несиелер жатады.

Кепілдік мөлшері өзгеріп отырады. Жұмыс істеп тұрған бизнес үшін несие сомасынан 50% -ға дейін жабылады. Жұмысын жаӊадан бастаған кәсіпкерлер үшін несие сомасынан 85% яғни, жұмысын жаӊадан бастаған кәсіпкерлерге несие сомасыныӊ 15%-ын жабатын кепілдігі болса жеткілікті. Қалған 85% "ҚазАгроКепіл" АҚ жауапкершілікке алады. Мысалы: 450 мыӊ теӊге нақты кепілдік болса, жұмысын жаӊадан бастаған кәсіпкер 3 млн. теӊгеге дейін несие ала алады.

Келесі жылы кепілдендіру өтініштерін 750 бірлікке, ал 2019 жылы - 760-қа дейін ұлғайту күтілуде. Яғни, үш жылдыӊ ішінде 1800-ге жуық фермерлер өз ісін дамытуға біздіӊ кепілдікті алу арқылы несие ала алады.

Қазіргі уақытта, несиелендіретін компаниялармен бірлесіп құжаттарды берудіӊ біріздендірілген жүйесі әзірленіп жатыр. Атап айтқанда, шаруа несие және кепілдік алуға өтініш беру үшін қажетті құжаттардыӊ жалпы тізімі құрылады. Құжаттардыӊ бірыӊғай формуляры талқыланып жатыр, бизнес-жоспар жобасына талаптар жүйеге келтіріледі.

Бұл жаӊашылдық шаруаларға несие немесе лизинг алу үшін нақты уақыт режимінде қажетті құжаттарды тапсыруға мүмкіндік беретін "ҚазАгро" Холдингініӊ несиелік өтінімдерді жинау және өӊдеу жүйесініӊ іске қосылуымен өзара байланысты, сонымен қатар компаниялар кеӊселеріне аяқ баспай, осы жүйе арқылы бақылап, ақпарат алуға және уақыт пен қаржы құралдарын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Анықтама үшін:

"ҚазАгроКепіл" 2003 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасыныӊ 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік аграрлық азық-түліктік бағдарламасын іске асыру аясында коммерциялық емес ұйым түрінде құрылған болатын. Компанияныӊ басты мақсаты АӨК субъектілерініӊ міндеттемелерін орындауды сақтандыру және кепілдендіру саласында аграрлық секторды хеджирлеу жүйесін дамыту болып табылады. "ҚазАгроКепіл"АҚ- "ҚазАгро" холдингініӊ еншілес ұйымдарыныӊ біреуі болып табылады және оныӊ тікелей басқаруымен Қазақстанныӊ барлық облыстарыныӊ 14 өкілдіктерінде өз қызметін іске асырады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны