24.04.2009, 19:11 3112

Ауылшаруашылығы министрі Қызылорда облысында жаңадан салынған ветеринарлық зертхананың жұмысымен танысты

Ауылшаруашылығы министрі Қызылорда облысында жаңадан салынған ветеринарлық зертхананың жұмысымен танысты

Астана. 24 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Жұмыс сапарымен Қызылорда облысында жүрген Ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев бүгін Агроөнеркәсіптік кешені мемлекеттік инспекциялық комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясының және жаңадан салынған ветеринарлық зертхананың жұмысымен танысты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, министр инспекцияға қарасты салалық мамандармен пікірлесіп, атқарылуға тиісті нақты тапсырмалар берді. Оның ішінде биылғы егіс науқаны кезінде қажетті жанар-жағар май мен қосалқы бөлшектердің белгіленген бағадан ауытқымауын, тұқым өндіруші шаруашылықтарда тұқым сапасын одан әрі жақсарту, егілетін тұқымдық материалдардың себу дәрежесіне сәйкестігін қатаң қадағалау, жиналатын дақыл мөлшерін нақтылауға ерекше көңіл бөлу керектігі туралы нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар сыр елінде ірі қараның басын көбейту және қолдан ұрықтандыру бөлімдерінің жұмыстарын жақсарту керектігін атап өтті.

Одан бөлек ҚР "Ветеринария туралы" заң талаптарының сақталуын қатаң қадағалау керектігін және ветеринарлық қызмет көрсетуде бәсекелестікті күшейту мақсатында лицензия алып жұмыс істеп жүрген 287 ветеринардың санын 350-ге дейін жеткізу тапсырды.

Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев жұмыс сапары барысында ертең облыстың Сырдария, Жалағаш аудандарындағы шаруашылықтарды аралайды деп жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны