10.09.2007, 14:10 2473

Ауылшаруашылығы министрі нанның бағасын тұрақтандыру үшін коммерциялық сатып алу және тұрақтандыру қорын құру тетіктерін пайдалану қажет деп санайды

Ауылшаруашылығы министрі нанның бағасын тұрақтандыру үшін коммерциялық сатып алу және тұрақтандыру қорын құру тетіктерін пайдалану қажет деп санайды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 10 қыркүйек. АСТАНА. Ауылшаруашылығы министрлігі нанның бағасын тұрақтандыру үшін коммерциялық сатып алу және аймақтарда тұрақтандыру қорларын құру тетіктерін пайдалануды ұсынады.

"Меніңше, бағаны тұрақтандыру үшін коммерциялық сатып алу және аймақтарда тұрақтандыру қорларын құру тетіктерін пайдалану қажет", -деді мекеме басшысы Ахметжан Есімов бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында.

Атап айтсақ, министрдің айтуынша, бағаны реттеу үшін "мемлекеттік қорға 500 мың тонна көлемінде астық сатып алу қажет". А. Есімовтың айтуынша, бюджеттен бұл мақсатқа қаржы бөлініп, Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы тиісті келісім-шарттарына қол қойды. "Икімдерден Азық-түлік келісім-шарты корпорациясының тауар өндірушілермен жасасқан шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді сұраймын", -деді министр.

Сонымен бірге министр өңірлерде бидайдың тұрақтандыру қорларын құру жұмыстарының толық көлемде орындалмағанын атап өтті. Оның мәліметінше, тұрақтандыру қорлары Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарында құрылған. "Қалған облыстарда қорлар жаңадан құрыла бастады немесе бұл жұмыс мүлдем басталған жоқ", - деді А. Есімов.

Ал Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы жүзеге асыратын коммерциялық сатып алулар , министрдің айтуынша, "нарықтық баға - 200 - 215 долларға (бір тоннасына) сапасына қарай жүзеге асырылады".

"Мен жергілікті жерлерде ауылшаруашылығы тауар өндірушілердің бидайды сататын бағасын қадағалауды сұрар едім", - деді министр. "Баға жоғары тұрған кезде шаруашылық басшысына осынждай ахуалды пайдаланып қалтаны қалыңдатып алуғадеген қызығушылық үлкен, ал тракторист немесе комбайнер байғұстар шаруашылық басшысының қандай бағаға сатқанынан бейхабар. Мемлекет бағаның Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы нұсқаған бағадан төмен болуын талап етуге құқылы", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны