12.09.2007, 18:46 2867

Ауылшаруашылығы министрлігі 28 қыркүйектен бастап астық экспорттауға лицензиялар бере бастайды

Ауылшаруашылығы министрлігі 28 қыркүйектен бастап астық экспорттауға лицензиялар бере бастайды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 12 қыркүйек. АСТАНА. Ауылшаруашылығы министрлігі 28 қыркүйектен бастап астық экспорттауға лицензиялар бере бастайды. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ауылшаруашылығы вице-министрі Ақылбек Күрішбаев хабарлады.

"28 қыркүйектен бастап Ауылшаруашылығы министрлігі лицензия беруге дайын болады", - деп мәлімдеді А. Күрішбаев. "Біз бүгінде үлкен қарқынмен жұмыс істеп жатырмыз. Астық экспорттаушылар - потенциалдық сатушылардың басым бөлігіне ережелер жолданған. Олар қазір ережелерді зерделеу үстінде және тиісті құжаттар мен анықтамаларды дайындауда. Сөйтіп біз 28 қыркүйектен бастап лицензия бере бастаймыз", - деді ол.

Вице-министр астық экспорттаушыларға лицензия беру тәртібі 9-тамызда күшіне енген "Астық туралы" заңға сәйкес енгізілгенін еске салды. Бұл заңды жүзеге асыру үшін үкіметтің қаулысымен квалификациялық талаптар мен лицензиялық алымдардың ережелері бекітілген, олар 28-қыркүйектен бастап күшіне енеді.

"Бұл қаулы күшіне енгенге дейін , Бас прокуратура берген түсініктемеге сәйкес, ескі тәртіп жұмыс істейді. Кеден комитеті астық экспортына лицензия сұрауға тиіс емес", - деді А. Күрішбаев. Оның айтуынша, Бас прокуратураның тиісті түсініктемесі Кеден комитетіне жолданған.

"Бұл жаңалық астық экспортын әсте тежеуге тиіс емес", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны