21.02.2008, 16:18 2650

Ауылшаруашылығы министрлігі ауылшаруашылығының өңдеу секторында салық жеңілдіктерін пайдаланатын салалардың санын арттыруды ұсынады

Ауылшаруашылығы министрлігі ауылшаруашылығының өңдеу секторында салық жеңілдіктерін пайдаланатын салалардың санын арттыруды ұсынады

Астана. 21 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Ауылшаруашылығы министрлігі ауылшаруашылығының өңдеу секторында салық жеңілдіктерін пайдаланатын салалардың санын арттыруды ұсынады. Бұл туралы ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі өңдеу өнеркәсібін дамыту жөніндегі департаментінің директоры Айна Құсайынова бүгін өткен баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қосалқы құн салығын төлеуді азайтуға бағытталған 2007 жылғы оң динамиканы ескеріп, Ауылшаруашылығы министрлігі жеңілдікке ие болғандардың тізімін кеңейту туралы тиісті ұсынысты ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау және ҚР Қаржы министрлігі секілді уәкілетті органдарға енгізді. Қазір жаңа Салық кодексінің жобасы жасалып жатыр, біз осы шараны соның аясында қарастыруды жоспарлап отырмыз", - деді А. Құсайынова.

"Изірге экономика министрлігімен ортақ түсінікке келе алғамыз жоқ", -деді ол.

Сонымен бірге, А. Құсайынованың айтуынша, салық жеңілтіктерін енгізу ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеумен шұғылданатын кәсіпорындардың жұмысын пәрмендендіруге мүмкіндік берген. Атап айтсақ, 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеудің сегіз басым бағыты үшін Қосалқы құн салығының ставкасы 70%-ға азайтылған. "Соның нәтижесінде осы салалардан бюджетке аударылатын Қосалқы құн салығының түсімдері шамамен екі есе - 97%-ға, корпоративтік кіріс салығы - 21%-ға, әлеуметтік салық - 43%-ға өскен", - деді ол.

Департамент директорының айтуынша, "өңдеуші кәсіпорындардың екінші деңгейлі банктерден алған несиелері бойынша сыйақы ставкасына субсидия бөлу бес жылда салада 58,1 млрд теңге тартуға мүмкіндік берген". "Яғни, бюджеттің әрбір 1 теңгесі несиелік 15 теңгені тартып, бюджетке түсетін салық түсімінің 3 теңгесінің қайтуын қамтамасыз етті", - деді А. Құсайынова.

Тұтастай алғанда, мемлекет тарапынан қолдауға бағытталған шаралар кешені ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында дайын өнім өндіру мөлшерін 2007 жылы 7,2%-ға өсіруге алып келді.

Ауылшаруашылығы министрлігінің мәліметінше, қазір елімізде екі мыңнан аса өңдеу кәсіпорны бар, олардың қуаты барған сайын өсе түсуде. Кейінгі төрт жылда ет өңдеуші жаңа өндірістерді іске қосу 68%, сүт - 67%, жемістер мен көкөністерді өңдеу - 60% құрап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны