16.07.2007, 15:40 2762

Ауылшаруашылығы министрлігі ішкі нарықта бидай бағасының қымбаттау мүмкіндігіне алаңдайды

АСТАНА. 16-шілде. Kazakhstan Today. Ауылшаруашылығы министрлігі ішкі нарықта бидай бағасының қымбаттау мүмкіндігіне алаңдайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Ауылшаруашылығы министрлігіндегілердің пайымдауынша, елімізде бидай бағасының қымбаттауына әсер етуі мүмкін бір себеп - оның дүниежүзіндегі жалпы көлемінің азаюы болмақ. "Мен дүниежүзінде бидай бағасының күрт қымбаттау ағымының байқалып отырғанына назар аудартқым келеді. Оған себеп, кейбір әлемдік ірі өндірушілер түрлі себеппен биылғы жылға арналған болжамды орындай алмай отыр. Жалпы астық көлемі көп жылғы деңгейден төмен болады деп күтілуде", - деді бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында еліміздің ауылшаруашылығы министрі Ахметжан Есімов.

Сонымен бірге, министрдің айтуынша, "дүниежүзінде астық тұтыну мөлшері өсе түсуде, тек азық-түлік түрінде ғана емес, сонымен бірге, биоотын өндірісіне арналған шикізат түрінде де тұтыным мөлшері артты". "Осыған байланысты астық бағасының қымбаттау ағымы кейінгі уақытта күшейе түсті", - деді ол.

Осыған сәйкес ауылшаруашылығы министрі аймақ әкімдерін "өз облыстарына тиесілі қорлар құруға" назар аударуға және нан және нан өнімдеріның бағасын жіті қадағалауға шақырды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны