27.03.2008, 15:40 3215

Ауылшаруашылығы министрлігі жеміс және көкөніс өнімдерін өндіріп-өңдеумен шұғылданатын агроөнеркәсіптік кешен субьектілерін несиелендіруге басымдық беруді ұсынады

Ауылшаруашылығы министрлігі жеміс және көкөніс өнімдерін өндіріп-өңдеумен шұғылданатын агроөнеркәсіптік кешен субьектілерін несиелендіруге басымдық беруді ұсынады

Астана. 27 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Ауылшаруашылығы министрлігі жеміс және көкөніс өнімдерін өндіріп-өңдеумен шұғылданатын агроөнеркәсіптік кешен субьектілерін несиелендіруге басымдық беруді ұсынады. Бұл туралы бүгін ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің алқа мәжілісінде сөз сөйлеген осы министрліктің ДСҰ және өңдеу өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Айна Құсайынова мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Банк саласындағы дағдарыс пен елімізде жеміс және көкөніс өнімдерін өндіруді дамытуға басымдық берілуін ескере отырып, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі ""Қазына"тұрақты даму қоры" АҚ-ына жеміс және көкөніс өнімдерін өндіріп-өңдеумен шұғылданатын агроөнеркәсіптік кешен субьектілерін несиелендіруге басымдық беруді ұсынды", - деді Айна Құсайынова.

Ол сонымен бірге, 2007 жылдың 1 -қаңтарынан бастап жеміс және көкөніс өнімдерін өңдеу және консервілеумен шұғылданатын кәсіпорындар үшін Қосалқы құн салығының ставкасы 70%-ға азайтылғанын еске салды.

Сонымен бірге, "ауылшаруашылығы шикізатын өңдеу, соның ішінде жеміс және көкөніс өнімдерін өңдеу кәсіпорындарын техникалық және технологиялық тұрғыда жаңалау үшін ағымдағы жылы лизингтік компаниялар мен екінші деңгейлі банктер беретін лизингтік жабдықтар бойынша сыйақы ставкаларына 80% дейін субсидия бөлінеді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны