27.08.2011, 10:09 3232

Ауылшаруашылығын дамытуға алдағы үш жылда мемлекеттік бюджеттен 950 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінеді

Бүгін ҚР Үкіметінің отырысы барысында "2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы жөнінде баяндаған ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев осылай мәлім етті.

Астана. 27-тамыз. Kazakhstan Today - Ауылшаруашылығын дамытуға алдағы үш жылда мемлекеттік бюджеттен 950 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бүгін ҚР Үкіметінің отырысы барысында "2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы жөнінде баяндаған ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев осылай мәлім етті.

"Ауыл шаруашылығы саласында жалпы сомасы 949 млрд. теңге шығыстар көзделген. Оның ішінде 2012 жылға 336 млрд. теңге, 2013 жылға - 296 млрд. теңге, 2014 жылға - 318 млрд. теңге қарастырылады. Жалпы 2012 жылы ағымдағы жылға қарағанда ауыл шаруашылығы саласына шығыстардың өсімі 22,5 млрд. теңгені құрайды немесе 7 пайызға артатынын білдіреді", - дейді Б. Жәмішев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны