17.07.2017, 19:44 5111

Ауылшаруашылық кооперативтер үшін кепілдіктер бойынша маӊызды жеӊілдік енгізілді

"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" кепілдік ретінде жылжыйтын және жылжымайтын мүліктіӊ барлық түрлерін алады, оныӊ ішінде ауылды жерлердегі үйлер мен жер телімдері де алынады.

Астана. 17 шілде. Kazakhstan Today - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ бірігіп, жаӊадан құрылып жатқан ауылшаруашылық кооперативтері үшін кепілдік жүктемені азайтатын механизм қарастырды. Сүт қабылдау бекеттері мен мал сою бекеттері үшін модульдік құрал-жабдықтар немесе сүт тасымалдайтын көлік, рефрижератор сатып алатын жағдайда кооперативтер кепілдікке несиелік қаржыға сатып алынатын мүлікті қоя алады.

Ауылшаруашылық бизнесті дамыту үшін жеӊілдетілген несие алуда еӊ басты мәселе - кепілдікке қойылатын мүлік екені ешкімге де құпия емес. "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" кепілдік ретінде жылжыйтын және жылжымайтын мүліктіӊ барлық түрлерін алады, оныӊ ішінде ауылды жерлердегі үйлер мен жер телімдері де алынады.

"Ынтымақ" несиелік өнім аясындағы ет, сүт, жеміс-көкөніс және басқа да өнім бойынша сервистік-дайындау және қайта өӊдеу ұйымдарын құру жөніндегі кооперативтерге несие беру қарастырылған. 50 миллион теӊгеге дейін несиелер 7 жылға дейін мерзімге жылдық 6 % үстемемен беріледі.

- Егер кооператив сүт қабылдау бекеті немесе мал сою бекетіне арналған модульдік құрал-жабдықтарды, сүт тасымалдау көлік немесе рефрижератор сатып алатын болса, кепілдікке сол несиелік қаражатқа сатып алынатын құрылғылар/техника қоя алады, - дейді "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Басқарма төрағасыныӊ орынбасары Думан Оспанов.

Енгізілген кепілдік механизмі келесі. Кооператив қаржыландыру бойынша өтінімді, құжаттар топтамасын және модульдік бекет/техника сатып алу-сату туралы келісімді Қорға тапсырады.

Қор қаржыландыру туралы шешім қабылдап, несиелік желіні ашу туралы шектік келісім жасайды.

Кооператив қаржыландыру туралы шешімді, шектік келісімді және Инвестициялық шығындарды субсидиялау Ережелеріне сәйкес құжаттар топтамасын Ауыл шаруашылық басқармасына тапсырады.

Басқарма жанындағы Комиссия өтінімді мақұлдау туралы шешім шығарып, кооперативпен Инвестициялық субсидиялау келісім-шарты мен мақсатты пайдалану туралы келісім жасайды. Ауыл шаруашылығы басқармасы модульлдік бекет/техника бағасыныӊ 50 % құрайтын сомадағы субсидияны Қордыӊ арнайы шотына аударады.

Субсидия түскеннен кейін Қор кооперативпен Бірінші траншті төлеу туралы келісім-шартты жасап, модульдік бекет/техника бағасыныӊ 50 % жеткізушіге аударады. Жеткізуші модульді құрастыруға кіріседі.

Модульдік бекет/техника жеткізілгеннен кейін кооператив пен жеткізуші тапсыру-қабылдау актіне қол қойып, барлық қажетті құжаттарды толтырады.

Кооператив құжаттардыӊ толық топтамасын Ауыл шаруашылығы басқармасына субсидияны қарызды мерзімнен бұрын өтеуге жіберу туралы шешім алу үшін жүгінеді.

Қор кооперативпен Жеткізушіге екінші траншты аудару туралы келісім-шарт, Модуль/техниканы кепілдікке қою келісім-шарт жасап, жеткізушіге орнатылған құрылғы/техника бағасыныӊ қалған 50 % аударады. Сонымен қатар, арнайы шоттағы субсидия кооперативке берілген несиені жарым-жартылай, мерзімнен бұрын өтеуге бағытталады.

- Міне, осылай мемлекет кооперативтіӊ инвестициялық шығындарын субсидиялау жолымен модульдік бекет/техника бағасыныӊ жартысын өзі жабады, - дейді Думан Оспанов. - Жалпы, осы жылы республикалық бюджет пен Қордыӊ өз қаржысынан ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне несиелеуге 39 миллиард теӊге бағытталады деп жоспарланған.

Анықтама үшін: "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" акционерлік қоғамы - "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ құрамына кіретін мамандандырылған қаржы-несиелік ұйымы болып табылады.

2007 жылдан бастап "ҚазАгро" Ұлттық Басқарушы Холдингі" АҚ құрамына кіреді. Қордыӊ миссиясы - ауылдық кәсіпкерлікті дамыту, ауылды жерлерде тиімді шағын несиелеу жүйесін дамыту арқылы халықтыӊ хал-ауқатын арттыру.

"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны