27.09.2007, 17:05 3142

Ауылшаруашылық министрлігі аймақтарда астық тұрақтандыру қорын құруға қаржы бөлуге әзір

Ауылшаруашылық министрлігі аймақтарда астық тұрақтандыру қорын құруға қаржы бөлуге әзір


Астана. 27 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық министрлігі аймақтарда астық тұрақтандыру қорын құруға қаржы бөлуге әзір. Бұл туралы "Бағалар мен тарифтердің өсу проблемалары" атты "дөңгелек үстел" барысында ҚР ауылшаруашалық вице-министрі Дулат Айтжанов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.


"Біз аймақтардағы әкімдердің астық тұрақтандыру қорын құруларына толық көмек көрсетеміз. Министрлік Азық-түлік корпорациясы арқылы нарықтағы бағадан төмен бағамен несиелеу бойынша тұрақтандыру қорын құруға көмек көрсете алады",- деді Д. Айтжанов.

Ол, Ауылшарушалық министрлігі "мұны жақын күндерде қолға алуға әзір" екендігін нақтылап өтті. "Жобалаған баға шамамен 206 АҚШ долларын және сақтау шығындарын құрайды",- деп қосты вице-министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны