22.08.2011, 14:02 2934

Ауылшаруашылық министрлігі астық түсіміне деген болжамын өзгертті

"Облыстардан келіп түскен ақпараттарды ескерсек, астық орташа көпжылдық 18,9 млн тоннадай болады. Оның ішінде бидай өнімі 14,5 млн тонна болады деп болжанып отыр", - деді А. Мамытбеков дүйсенбі күні үкімет отырысында.

Астана. 22-тамыз. Kazakhstan Today - Ауылшаруашылық министрлігі астық түсіміне деген болжамын өзгертті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан бидай өнімін 14,5 млн тонна шамасында болады деп жоспарлап отыр. Бұл туралы АШМ басшысы Асылжан Мамытбеков мәлім еткен.

"Облыстардан келіп түскен ақпараттарды ескерсек, астық орташа көпжылдық 18,9 млн тоннадай болады. Оның ішінде бидай өнімі 14,5 млн тонна болады деп болжанып отыр", - деді А. Мамытбеков дүйсенбі күні үкімет отырысында.

Астық жинау науқаны Ақмола және Қостанай облыстарынан басқа барлық облыстарда басталды. Бүгінге 1,2 млн га, яғни 15% егістік алқабы жиналып, 1,7 млн тонна астық алынды.

"Бүгіндері астық жинау гектарынан 14,4 центнерден, ол былтырғыдан гектарынан 2 центнерден артық. Солтүстік Қазақстан облысында гекатрынан 16,7 центнерден, ол былтырғыдан 50% артық", - деді министр.

Сонымен қатар министр биыл ауа райына байланысты астықтың пісіп жетілуі ала-құла болып, кей жерлерінде 1-2 аптаға кешеуілдеп отырғанын атап өтті. Одан басқа, еліміздің солтүстік аудандарында күз жауын-шашынды болады деп күтілуіне байланысты онда астық жинау қарқынмен жүргізілмекші. Бүгінге астық қабылдағыш лицензияланған 214 кәсіпорынның197-сі дайын.

"Астық шығымының молдығынан негізгі астықты алқаптарда қамбалар жетіспеушілігі болуы мүмкіндігінен ол жақтан 1,5-2 млн тонна астықты басқа облыстардың элеваторларына жеткізу мәселесі қарастырылуда. Бұл мәселе қазір мемлекеттік комиссия қарауына енгізілген", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны