24.05.2011, 11:00 2744

Ауылшаруашылық министрлігі азық-түлік бағаларын тұрақтандыру бойынша шаралар кешенін әзірледі

"Тек бағаларды реттеу, яғни тұрақтандыру бойынша міндеттер қойылып отыр, бұл олардың бағасын бір деңгейде бекіту деген сөз емес. Біз әлемдік нарық бағасынан бөлек тұра алмайтынымызды түсінуіміз керек", - деп ескертті А. Мамытбеков.

Астана. 24 - мамыр. Kazakhstan Today - Ауылшаруашылық министрлігі азық-түлік бағаларын тұрақтандыру бойынша шаралар кешенін әзірледі. Бұл туралы Бүгін үкіметтің селекторлық мәжілісі барысында ауыл шаруашылық министрі А. Мамытбеков мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бүгін үкіметтің селекторлық мәжілісі барысында негізгі азық-түлік бағаларын тұрақтандыру бойынша кешенді шаралардың тұсакесері болған.

"Тек бағаларды реттеу, яғни тұрақтандыру бойынша міндеттер қойылып отыр, бұл олардың бағасын бір деңгейде бекіту деген сөз емес. Біз әлемдік нарық бағасынан бөлек тұра алмайтынымызды түсінуіміз керек", - деп ескертті А. Мамытбеков.

"Біз әлемдік бағаның өзгеруімен байланысты бағаның қымбаттауымен күреспеуіміз керек және күресе алмаймыз да. Бұл біздің отандық тауар өндірушілердің экономикасына кесірін тигізеді. Біздің шекарамыздың ашықтығы жағдайында мемлекеттің ел ішіндегі азық-түлік бағасын арзандатуға күш салуынан арзандатылған тауарлар көрші елдердің аймақтарына өтіп, нәтижесінде тауар тапшылығы пайда болды, ол өз кезегінде тауарлардың одан бетер қымбаттауына алып келеді. Сондықтан бағаның себепсіз өсуіне жол бермей, азық-түлік бағаларының маусымдық өзгерісін тұрақтандыруға бағытталған азық-түлік нарығын реттеуші кешенді шаралар әзірленіп отыр", - деп қосты ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны