22.01.2008, 19:21 3438

Ауылшаруашылық министрлігі Қазақстанда бекіре тұқымдастар өсіретін жаңа зауыт салуды ұсынады

Ауылшаруашылық министрлігі Қазақстанда бекіре тұқымдастар өсіретін жаңа зауыт салуды ұсынады

Астана. 22-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Ауылшаруашылық министрлігі Қазақстанда бекіре тұқымдастар өсіретін жаңа зауыт салуды ұсынады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық министрлігінің балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Қанат Сүлейменов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Бекіре тұқымдас балық өсіретін жаңа зауыт құрылысы жөнінде биологиялық негіз әзірленетін болады. Оны пайдалануға берген жадайда тауарлық балық шаруашылығының маңызды бағыттарының бірі - тауарлық бекіре тұқымдастар шаруашылығын дамытудың перспективасы пайда болады",- деп хабарлады Қ. Сүлейменов.

Оның айтуынша, қуаттылығы жылына 15 - 20 млн дана шабақ шығаратын бекіре тұқымдастар өсіретін зауыттың құрылысы туралы ұсыныс 2007 жылы үкімет қарауына жіберілген. "Қазіргі уақытта премьер-министрдің кеңсе басшысының тапсырмасы бойынша бұл ұсыныс заңмен бекітілген тәртіппен мүдделі мемлекеттік органдарда пысықталуда",- деді Қ. Сүлейменов.

Ол сондай-ақ, республикалық бюджетте үстіміздегі жылы аталмыш зауытты салатын алаңды таңдау бойынша биологиялық негіз әзірлеуге 4 млн теңге көлемінде қаржы бөлу қарастырылғандығын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны