08.10.2007, 13:06 2603

Ауылшаруашылық министрлігінің болжамы бойынша, астық экспорты 9 - 10 млн тоннаны құрайды (кеңейтілген нұсқа)

Ауылшаруашылық министрлігінің болжамы бойынша, астық экспорты 9 - 10 млн тоннаны құрайды


Астана. 8-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Ауылшаруашылық министрлігінің болжамы бойынша, 2007 жылғы астық экспорты 9 – 10 млн тоннаны құрайды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Алдын ала берілген мәліметтерге сүйенсек, жалпы астық жинау 22 млн тоннаны құраған. Экспорт көлемі 9 – 10 млн тоннаны құрап отыр",- деп мәлім етті А. Есімов дүйсенбідегі үкіметтік сағатта.

Ауылшаруашылық министрі, "дүниежүзінде қазақстандық астыққа үлкен сұраныс туып отыр", деп атап көрсетті.

Ол осыған байланысты, бүгінде "бүкіл астықты экспортқа шығарып кетеді, деген қорқыныштар айтылуда", деп атап өтті. "Мен бұл күдікті сейілткім келеді",- деді А. Есімов. Ол "елдің ішкі мұқтаждығы 9 млн тоннаны құрайды, оның 3,2 млн тоннасы – азық-түлікке, 3 млн тоннасы – мал жемі, ал 2 млн – тұқымға жұмсалатындығын" түсіндіріп өтті.

Ауылшаруашылығының басшысы тікелей экспорт туралы айта келе, жуықта қабылданған астық экспорттаушыларға лизензия беру туралы заңының мемлекетке аталмыш саланы қадағалау мүмкіндігін беретіндігін, еске сала кетті.

"Бізде жыл сайын, экспорт кезеңі басталысымен нанды сатып алып, экспорттап, одан кейін өзінің іс-қызметін аяқтайтын жалғыз мақсаттағы бір күндік фирмалар пайда болады. Ал жаңа заңға сәйкес бұл фирмалар қысқарады, және де мемлекеттің экспортқа қатысты ахуалды толық өз бақылауына алатын мүмкіндігі ба",- деп түсіндірді ауылшаруашылық министрі.

Сонымен қатар министр, “Қазақстан темір жолы” компаниясымен экспортқа айына 1 млн тонна астық шығару туралы келісім жасалғандығын атап өтті.

"Тіптен "Қазақстан темір жолы" одан да көп шығара алатын болған жағдайда да, бізде экспортты қадағалай алатын мүмкіндігіміз бар",- деп атап көрсетті министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны