16.09.2008, 14:30 1585

Ауыртпалық активтері қорының тұжырымдамасы 1 қазанға дейін үкіметке таныстырылуға тиіс - Жәмішев (толық нұсқасы)

Ауыртпалық активтері қорының тұжырымдамасы 1 қазанға дейін үкіметке таныстырылуға тиіс - Жәмішев (толық нұсқасы)

Астана. 16 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Ауыртпалық активтері қорының тұжырымдамасы 1 қазанға дейін үкіметке таныстырылуға тиіс. Бұл туралы еліміздің қаржы министрі Болат Жәмішев бүгін журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазір тұжырымдаманың жобасын жасау іс-шараларының жоспары бекітілді, ал тұжырымдаманың өзін біз үкіметке 1 қазанға дейін таныстыруға тиіспіз. Қазір ақылшылармен, инвесторлармен, банктермен келіссөздер жүргізілуде, мемлекеттік органдар өз ұсыныстарын сабақтастыруда, яғни, тұжырымдаманы дәйектеуге бір ай мұрсат берілген", -деді Б. Жәмішев.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы парламентінің ІІ сессиясын ашарда сөйлеген сөзінде үкіметтің міндеті - "экономикалық қауіпсіздіктің әлдеқайда жоғары деңгейін қамтамасыз ету, банк секторының тәуекелін барынша төмендету" екенін атап өтті.

"Илемдік экономиканың турбуленттілігі жағдайында экономикалық ахуалды тұрақтандыру жөніндегі біздің іс-әрекетіміз сарабдал да уақтылы болып шықты.

Ендігі біздің міндетіміз - экономикалық қауіпсіздіктің әлдеқайда жоғары деңгейін қамтамасыз ету, банк секторының тәуекелін барынша төмендету.

Сондықтан да мен Үкіметке және "Қазына" қорына әлемдік озық практиканы ескере, халықаралық қаржы институттарын тарта отырып, ауыртпалық активтері қорын құру мәселесін пысықтауды тапсырдым. Бұл - қаржы тәуекелдерін басқарудың сенімді нарықтық тетігі, сондықтан да біз онымен қаруланатын боламыз.

Иңгіме кредитке қойылған кепіл мүліктердің бағасы түсіп, банктер жұмсаған шығындарды өтемеуі себепті біздің банктердің жағдайы одан әрі нашарлау мүмкіндігі туралы болып отыр. Мұнда мемлекет сол бағаларды төмендету есебінен көмектесе алады. Мұны Үкімет нақты пысықтап, тиісті жекеменшік құрылымдармен келісуі тиіс.

Талдау көрсеткеніндей, әлемдік экономикадағы дағдарыс үрдістері әлі еңсерілген жоқ. Сондықтан да Үкімет пен Парламент келесі жыл да қиын жыл болуы мүмкін екенін ескеруі қажет. Илемдік экономикадан туындайтын күрделі де қиын жағдайларға әзір болу керек",- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны