14.06.2007, 14:14 3136

"Ауыз су" бағдарламасын жүзеге асыру үшін алдағы үш жылда 13 млрд теңге грант қаражатын тарту көзделіп отыр

АСТАНА. 14 - маусым. Kazakhstan Today. "Ауыз су" бағдарламасын жүзеге асыру үшін алдағы үш жылда шамамен алғанда 13 млрд теңге гранттық қаражат тарту көзделіп отыр. Бұл туралы кеше өткен брифингте Ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстары комитетінің төрағасы Анатолий Рябцев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Біздің бастапқы мәліметтеріміз бойынша 2008 жылы 3,8 млрд теңге, 2009 жылы 5,2 млрд теңге, ал 2010 жылы шамамен 4 млрд теңге тарту көзделіп отыр", - деді А. Рябцев.

"Біз бүгінгі күні жоспарлап отырмыз. Алайда, бұл сан бұдан да өсуі мүмкін. Себебі, біз кейбір қаржы институттарымен келіссөздерді аяқтағамыз жоқ", - деді А.Рябцев.

А. Рябцев алдағы жылдары Азия даму банкінен шамамен 50 миллион доллар грант және қарыз алу жоспарланып отырғандығын жеткізді. Сондай-ақ, оның айтуы бойынша, Ислам даму банкімен және тағы да басқа қаржы институттарымен сәтті жұмыстар жүргізіліп жатқан көрінеді.

Ол, сонымен қатар, алдын-ала есептеулер бойынша 2008 жылы бағдарламаға республикалық бюджеттен 27,6 млрд теңге, 2009 жылы 32 млрд теңге, ал 2010 жылы 40 млрд теңге бөлінетінін хабарлады.

Анатолий Рябцев 2010 жылға дейін есептелген "Ауыз су" бағдарламасының құнын 115,1 млрд теңгеден 303 млрд теңгеге дейін ұлғайту туралы шешім қабылданғанын еске салып өтті. Бағдарламаны дайындау кезінде 3636 елді мекенді сумен қамсыздандыру мәселесінің шешілетіні алдын-ала ескерілген. Алайда, бағдарламаны жүзеге асыру кезінде елді мекендер саны 5,5 мыңға дейін өскен. Бағдарламаны іске асырудың бірінші кезеңінде (2002 - 2005 жылдар) 62 млрд теңге игерілген. Бұл қаражатқа ауыз сумен қамтамасыз ететін жаңа жүйелер салынып, жүйенің ескі 5112 шақырым бөлігі жөндеуден өткізіліп және халқының саны 4,8 млн адамға жететін 1692 елді мекенді сумен қамтамасыз ету жағдайы жақсартылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны