20.04.2016, 10:45 4747

Аукциондарға негізінен моноқалалардыӊ маӊындағы аз зерттелген жер қойнаулары қойылады - И.Исекешев

"Аукционға жер қойнауыныӊ аз зерттелген, қосымша іздеу жұмыстарын қажет ететін бөліктері қойылады, ол жерлер ресурстық базамен қамтылған арнайы моноқалалардыӊ маӊынан осы өӊірлерде жұмыс орындарын құрып, сақтау үшін таӊдалады", -деді ведомство басшысы.

Астана. 20 сәуір. Kazakhstan Today - Өӊірлерде жұмыс орындарын құрып және оларды сақтау үшін аукциондарға моноқалалардыӊ маӊындағы аз зерттелген жер қойнаулары қойылады, деп мәлімдеді ҚР инвестициялар және даму министрі Исет Исекешев 7-ші МАЙНЕКС Орталық Азия тау-кен өнеркәсібі форумыныӊ ашылуында сөйлеген сөзінде, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Министр қазір Қазақстан ескі практикадан жер қойнауын пайдаланудыӊ аукцион түріндегі прогрессивті практикасына көшкенін еске салды, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

"Аукционға жер қойнауыныӊ аз зерттелген, қосымша іздеу жұмыстарын қажет ететін бөліктері қойылады, ол жерлер ресурстық базамен қамтылған арнайы моноқалалардыӊ маӊынан осы өӊірлерде жұмыс орындарын құрып, сақтау үшін таӊдалады", -деді ведомство басшысы.

Ол 2015 жылдыӊ желтоқсанында өткен аукционда қол қойылған бонус ретінде 36 лот бойынша бюджетке 1,5 млрд теӊгеден астам қаржы тартылғанын айтты.

"Аукцион байқаудыӊ барынша ашық формасы болып табылады, онда шешім көпшіліктіӊ алдында жарияланады. Жалпы аукцион бойынша оныӊ қолжетімділігіне, ашықтығына және қарапайымдылығына байланысты инвесторлардыӊ жағымды пікірлері қалыптасқан", - деп баса айтты И.Исекешев.

Оныӊ айтуынша, Қазақстанда пилоттық режімде Степногор қаласыныӊ маӊында 100 шақырым аумақ белгіленді және осы жылдыӊ бірінші тоқсанында 25 блок бойынша 10 жаӊа келісім-шарт бекітілді.

Ол сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласындағы рұқсат рәсімдерін жеӊілдету бойынша шаралар жайлы айтты.

"Соӊғы үш жылда жер қойнауын пайдаланушылар саласында көп дүние жасалды. Реформаныӊ бірінші кезеӊі аяқталды деп айтуға болады. Мысалы, геологиялық ақпаратты жеткізу мерзімі 240 күннен 1 күнге дейін қысқарды. Жер қойнауы туралы заӊнаманыӊ австралиялық моделі негізінде барлау құқығы бөліміне өзгерістер енгізілді. Барлау келісім-шартын бекіту мерзімі 2-жылдан 25 күнге дейін қысқартылды", - деді ведомство басшысы.

И.Исекешевтіӊ пікірінше, мұндай шаралар тәжірибе көрсеткендей 50%-ға дейін жаӊа кен орындарын ашу үшін орта және шағын кәсіпорындарды көптеп тартуға мүмкіндік береді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны