06.11.2019, 16:55 5954

Қазақстан-Қытай Ынтымақтастық комитетінің 9-шы отырысы өтті

Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаларға бағытталған (2020-2025 жж.) Бірлескен даму жоспарын жүзеге асыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Нұр-Сұлтан. 6 қараша. Kazakhstan Today - Бейжіңде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Ә.Смайылов пен Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік Кеңесі Төрағасының орынбасары Хан Чжэннің төрағалығымен Қазақстан-Қытай Ынтымақтастық комитетінің 9-шы отырысы өтті.

Қазақстан Республикасы-Қытай Халық Республикасы Ынтымақтастық Комитетінің 9-отырысында сауда-экономикалық, энергетикалық, ғылыми-техникалық, қаржылық, көлік, мәдени-гуманитарлық, су және экологиялық, геологиялық және кедендік ынтымақтастық пен қауіпсіздік саласындағы 10 мамандандырылған кіші комитеттердің және екі бірлескен комиссияның жұмыс нәтижелері қаралды.

Тараптардың даму мақсаттары мен тұжырымдамалары ұқсас, тығыз байланыс пен үйлестіру бар, сондай-ақ түрлі салалардағы ынтымақтастықтың сапасы мен деңгейі күн санап жақсарып келе жатқаны айтылды.

Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаларға бағытталған (2020-2025 жж.) Бірлескен даму жоспарын жүзеге асыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Қазақстан Республикасы мен ҚХР арасындағы өзара сауда-саттық аясын кеңейту мақсатында Қытайға қазақстандық экспорттық өнімдерді, оның ішінде энергетика мен ауылшаруашылық өнімдерін жеткізу көлемін арттыру туралы келісім жасалды.

Отырыс қорытындысы бойынша Комитет төрағалары Хаттамаға қол қойды.

Тараптар Комитеттің 10-отырысын 2021 жылы Қазақстанда өткізуге келісті.

Айта кету керек, ҚР-ҚХР Ынтымақтастық Комитеті 2004 жылы түрлі салалардағы екіжақты қатынастарды жүйелі және жан-жақты дамыту мақсатында құрылды.

ҚР Қаржы министрлігінің бапасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны