08.08.2026, 11:30 57496

Қазақстан 10 елмен экономикалық ынтымақтастықты күшейтуге ниетті

Қазақстан 10 елмен экономикалық ынтымақтастықты күшейтуге ниетті
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Түркия, Қытай Халық Республикасы, Әзербайжан, Корея Республикасы, Жапония, Тәжікстан, Франция, Германия, Ұлыбритания және Түрікменстан сияқты елдермен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Нәлібаев аталған мемлекеттермен өзара тиімді байланыстарды дамыту Қазақстан пезидентінің ерекше бақылауында екенін атап өтті.

"Кеңесте мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың басшылары аталған елдермен экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі және бірлескен жобалардың іске асырылу барысы туралы баяндама жасады.Тараптап шетелдік серіктестермен экономикалық ынтымақтастықтың күн тәртібіндегі негізгі мәселелер талқыланып, сыртқы экономикалық байланыстарды одан әрі дамытудың перспективалы бағыттары айқындалды"- деп жазылған хабарламада.


Нұрлыбек Нәлібаев шетелдік серіктестермен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту елдің өнеркәсіптік әрі технологиялық дамуының маңызды факторы екенін атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру жөніндегі жұмысты күшейту, жаңа бастамаларды айқындау бағытындағы жұмысты жалғастыру тапсырылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны