10.07.2019, 19:37 28851

Қазақстанға 800 литрге жуық заңсыз алкоголь өнімдерін алып өту әрекетінің жолы кесілді

Барлығы құны 1,5 млн. теңге болатын, жалпы көлемі 792 литр 183 ыдыс контрафакт алынды.

Нұр-Сұлтан. 10 шілде. Kazakhstan Today - Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері 2019 жылдың 8 шілдесінде шұғыл іс-шаралар барысында Ресей Федерациясынан Қазақстанға "Қайрақ" автокөлік өткізу бекеті арқылы алкоголь өнімдерін алып өту әрекетінің жолын кескен, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Құрамында спирті бар шыққан тегі белгісіз сұйықтық 4 және 5 литрлік пластикалық ыдыстарға құйылған, рұқсат құжаттары (алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек саудалау лицензиясы, ілеспе құжаттары) жоқ.

Барлығы құны 1,5 млн. теңге болатын, жалпы көлемі 792 литр 183 ыдыс контрафакт алынды. Жауапты тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодексінің 463 бабының 1 тармағы бойынша әкімшілік іс толтырылып сотқа жіберілді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны