09.11.2019, 17:54 16502

Қазақстанға Ресей Федерациясынан, Қытай мен Өзбекстан Республикасынан жеткізілген 60 тоннадан астам қауіпті өнім кері қайтарылды

Атап айтқанда, 22 тонна құрма мен мандариннен қауіпті карантиндік зиянкестер - қара цитрустық аққанат (Aleurocanthus woglumi Ashby) және Косток құрты (Pseudococcus comstocki (Kuwana) анықталды.

Нұр-Сұлтан. 9 қараша. Kazakhstan Today - Өткен аптада Ауыл шаруашылық министрлігінің карантин жөніндегі мемлекеттік инспекторлары 60 тоннадан астам қауіпті импорттық дәнді дақылдарды, жидектерді, көкөністер мен жемістерді тәркілеп, кері қайтарды. Тауарлар елімізге Ресей Федерациясынан, Қытай мен Өзбекстан Республикасынан жеткізілген.

Атап айтқанда, 22 тонна құрма мен мандариннен қауіпті карантиндік зиянкестер - қара цитрустық аққанат (Aleurocanthus woglumi Ashby) және Косток құрты (Pseudococcus comstocki (Kuwana) анықталды.

Сонымен қатар, Ауыл шаруашылық министрлігінің карантин жөніндегі мемлекеттік инспекторлары қаптама таңбалары жоқ 26 тоннадан астам құрма, 4,4 тонна жүзім, 2,4 тонна қызанақ және 126 кг лимон, фитосанитарлық сертификатты жоқ5 тонна бидайдың Қазақстан аумағына кіруіне тыйым салды.

Сондай-ақ, Өзбекстаннан тыйым салынған өнімді қол жүгі арқылы өткізудің бірнеше оқиғасы тіркелді.

Бір апта ішіндеТүркістан, Қостанай, Ақмола және Алматы облыстарында жоғары фитосанитарлық қаупі жоғары өсімдік өнімдерін заңсыз жеткізудің 15 жағдайы анықталды. ҚР аумағына тасымалдауға тиым салынған өнімдер Өзбекстан Республикасына, Ресей Федерациясына және ҚХР-на кері қайтарылып, жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Еске салсақ, ҚР Президенті Қ.Тоқаев шекара маңындағы аумақтарда ветеринариялық және фитосанитариялық бақылауды күшейтуге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңына қол қойды. Сонымен қатар, аталмыш заң күшіне енгеннен кейін ветеринария және фитосанитария саласындағы барлық бақылау-қадағалау функциялары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне беріледі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны