07.11.2019, 17:19 7564

Қазақстанға Ресейден 400 литр заңсыз алкоголь әкелінген

Жанама салықтарды уақтылы төлемегені үшін әкімшілік шаралар қолданылды және бюджетке 15,0 млн.теңге өндіріп алынды.

Нұр-Сұлтан. 7 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанға Ресейден 400 литр заңсыз алкоголь әкелінген.

"Алкоголь өнімінің айналымы мен өндірісін мемлекеттік реттеу туралы" ҚР Заңын бұзуда "Жаңа жол" автомобиль өткізу бекетінде ҚР Мемлекеттік шекарасында экспорттық бақылауды жүзеге асыру кезінде СҚО бойынша МКД экспорттық бақылау басқармасының қызметкерлері Volvo маркалы автомашинасымен Ресей Федерациясынан Солтүстік Қазақстан облысының аумағына 4 литрден пластикалық канистрларға құйылған 400 литр мөлшерінде алкоголь өнімін әкелу фактісін анықтады.

Мамлют ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы тақырыптық тексеру шеңберінде "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 282-бабының 3-тармағы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасады. Тәркіленген алкоголь өнімдері сот шешіміне дейін сақтау қоймаларына орналастырылды.

Жалпы, 2019 жылдың 10 айында "Жаңа жол", "Қызылжар", "Бидайық", "Қарақоға" автомобиль өткізу бекеттерінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында экспорттық бақылауды жүзеге асыру кезінде, Солтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің экспорттық бақылау басқармасының қызметкерлері тыйым салынған тауарларды әкету фактілерінің жолын кесті:

- қара және түсті металл сынықтары бойынша 390,7 тонна мөлшерінде 52 факті;

- макулатура бойынша 19,9 мың тонна мөлшерінде 1 факті;

- ІҚМ терісі бойынша 21,0 мың тонна мөлшерінде 1 факті;

- мұнай өнімдері бойынша 3,7 мың литр көлемінде 10 факті.

Бұдан басқа, экспорттық бақылау басқармасы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден импортталған тауарлардың құны бойынша мәлімделген бағаларды төмендету бойынша жұмыс жүргізуде. 2019 жылғы 01 қарашадағы жағдай бойынша жүргізілген әңгімелесулердің нәтижесінде 6,6 млн.теңге сомасына 14 салық төлеуші түзетулер жасап қосымша есептерұсынды.

Жанама салықтарды уақтылы төлемегені үшін әкімшілік шаралар қолданылды және бюджетке 15,0 млн.теңге өндіріп алынды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны