17.07.2026, 13:17 47851
Қазақстанда бидай импортына уақытша тыйым салынды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ел аумағына бидай импортын уақытша шектеу туралы шешім қабылдады.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығына сәйкес, алты ай мерзімге Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елден және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден автомобиль, су және теміржол көлігімен бидай әкелуге тыйым салынады.
Бұл ретте лицензияланған элеваторларға, құс шаруашылығы және астық өңдеу кәсіпорындарына, сондай-ақ "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясының мекенжайына теміржол арқылы жеткізілетін бидайға бұл шектеу қолданылмайды.
Құжат 2026 жылдың 27 шілдесінен бастап күшіне енеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
17.08.2026, 18:17 3076
Қазақстандық компанияларды атом саласындағы жобаларға белсендірек тарту жоспарланып отыр
Достарға айту
Қазақстан атом саласындағы жобаларда отандық компаниялардың үлесін арттыруды көздеп отыр. Осы мақсатта Атом энергиясы жөніндегі агенттік, "Атамекен" ҰКП және Atomic Industry Development Association (AIDA) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Тараптар атом саласы мен өнеркәсіптік кооперацияны бірлесіп дамытуға, сондай-ақ қазақстандық бизнесті ірі инфрақұрылымдық және стратегиялық жобаларға белсендірек тартуға уағдаласты.
Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі - жергілікті орнықтыру деңгейін арттыру. Тараптар атом саласына арналған отандық өндірісті, инжиниринг пен сервистік қызметтерді дамытуға, сондай-ақ ұлттық жеткізу тізбегін қалыптастыруға жәрдемдесуге уағдаласты.
Жобаларға шағын, орта және ірі бизнесті кеңінен тарту көзделген. Тараптар сондай-ақ отандық өндірушілерді қолдауды және ел ішінде технологиялық, өндірістік, сервистік және сараптамалық құзыреттерді дамытуды көздейді.
Сонымен қатар, меморандумға қатысушылар мемлекеттік органдар үшін бірлесіп талдамалық және сараптамалық ұсыныстар әзірлеуге, әдістемелік және талдамалық материалдармен алмасуға, сондай-ақ атом саласындағы заңнаманы және нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге келісті.
Уағдаластықтарды іске асыру қазақстандық компаниялардың атом саласындағы жобаларға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге, жергілікті орнықтыру деңгейін арттыруға және саланың технологиялық базасын қалыптастыруға ықпал етеді.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының құрылысы 2027 жылы басталады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.08.2026, 14:32 3946
Қазақстан мен Түркия әуе рейстерінің санын екі есеге жуық арттырды
Достарға айту
Қазақстан мен Түркия негізгі және туристік бағыттар бойынша тұрақты әуе рейстерінің рұқсат етілген санын аптасына 120-дан 224-ке дейін, яғни екі есеге жуық арттыруға келісті, деп хабарлайды ҚР Азаматтық авиация комитеті.
Келісімге 13-14 тамызда Ыстанбұлда өткен екі елдің авиациялық билік өкілдері арасындағы келіссөздер барысында қол жеткізілді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар азаматтық авиация саласындағы өзара түсіністік туралы жаңа меморандумға қол қойды.
Негізгі бағыттар бойынша (Ыстанбұлдан Астана, Алматы және Шымкент қалаларына, Анкарадан Астана және Алматы қалаларына) екі тараптың әуекомпаниялары үшін рұқсат етілген рейстер саны аптасына 76-дан 138 рейске дейін ұлғайтылды.
Анталья мен Бодрумнан Қазақстан қалаларына қатынайтын рейстер саны аптасына 44-тен 86 рейске дейін арттырылды.
Осылайша, жоғарыда аталған бағыттар бойынша рұқсат етілген рейстердің жалпы саны аптасына 120-дан 224 рейске дейін көбейді.
Қалған барлық бағыттар бойынша екі тараптың әуе компанияларына аптасына 14 рейске дейін орындауға мүмкіндік көзделді. Бұл тікелей әуе қатынасын кеңейтуге және өңірлік көлік байланыстылығын дамытуға жағдай жасайды.
Сонымен қатар, екі тарап үшінші елдерге тасымалдарды жүзеге асыру мақсатында әуе еркіндігінің бесінші дәрежесін пайдалана отырып, 76-ға дейін жүк рейсін орындау туралы уағдаластыққа қол жеткізді.
Сонымен қатар тараптар "әуе еркіндігінің бесінші дәрежесі" құқығын пайдалана отырып, 76-ға дейін жүк рейсін орындауға рұқсат беру жөнінде уағдаласты.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Air China әуе компаниясы Астанадан Бейжіңге қатынайтын рейстер санын аптасына алтыға дейін арттырғаны хабарланған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.08.2026, 11:41 8846
Air China Астанадан Бейжіңге аптасына алты рейс орындайтын болды
Достарға айту
Тамыз айының басынан бастап Air China әуе компаниясы Астана халықаралық әуежайынан Бейжіңге орындалатын рейстер санын аптасына алты ретке дейін арттырды, деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметіне.
Оның үшеуі Астана - Бейжің бағыты бойынша тікелей, тағы үшеуі Астана - Сиань - Бейжің бағыты бойынша орындалады.
Астана - Бейжің тікелей рейстері сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері орындалады. Сиань арқылы ұшатын рейстер дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндеріне жоспарланған.
Air China әуе компаниясының ұшу бағдарламасын кеңейтуі Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасын дамыту бағытындағы жүйелі жұмыстың жалғасы. Астана халықаралық әуежайы үшін қытайлық әуе тасымалдаушылармен ынтымақтастықты кеңейту халықаралық маршруттық желіні дамытудың маңызды бағыттарының бірі болып қала береді. Air China әуе компаниясының жаңа кестесі жолаушыларға сапарларын жоспарлауда көбірек мүмкіндік беріп, Қазақстан мен Қытай арасындағы туристік, экономикалық және іскерлік байланыстардың одан әрі нығаюына ықпал етеді.
Air China - Қытайдың ұлттық әуе тасымалдаушысы әрі елдегі ең ірі әуе компанияларының бірі. Әуе компаниясының негізгі хабы - Бейжің қаласы. Маршруттық желісі Қытайдың, Азияның, Еуропаның және әлемнің өзге де өңірлерінің ірі қалаларын қамтиды. Air China халықаралық Star Alliance авиациялық альянсының мүшесі. Әуе компаниясы мен оның еншілес тасымалдаушыларының әуе паркі 960-тан астам әуе кемесінен тұрады. 2025 жылы Air China тобы шамамен 160 млн жолаушы тасымалдады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.08.2026, 19:15 22311
Қарашығанақ кен орнында құны 1,7 трлн теңге болатын газ өңдеу зауытының құрылысы басталады
Достарға айту
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында Қарашығанақ кен орнында құны 1,7 трлн теңге болатын газ өңдеу зауытының құрылысы басталатындығын мәлім етті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Зауыттың қуаты жылына 5 млрд текше метр газды құрайды. Сонымен қатар, биылғы жылдың соңына дейін Жайық өзені арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылысын бастау жоспарланып отыр.
Мемлекет басшысына соңғы үш жылда облыста жалпы құны 138 миллиард теңге болатын 121 жаңа әлеуметтік нысан салынғаны туралы баяндалды. 1542 шақырым автокөлік жолдары жөндеуден өтті.
"Былтыр ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 320 миллиард теңгеге жетті. "Ауыл аманаты" бағдарламасы қолға алынғаннан бері 1414 жоба қаржыландырылып, 2 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды", - делінген хабарламада.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев өңірді одан әрі дамыту, коммуналдық инфрақұрылымды жедел жаңғырту және тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру жұмысын жалғастыруды тапсырды.
Бұған дейін ТШО 2026 жылы 40 млн тоннаға дейін мұнай өндіруді жоспарлап отырғаны хабарланған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.08.2026, 18:16 22641
Қазақстанның Ұлттық қоры мен алтын-валюта резервтерінің көлемі 127,3 млрд АҚШ долларын құрады
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазақстанның Ұлттық қоры мен алтын-валюта резервтерінің жиынтық көлемі 127,3 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовпен кездесуі барысында белгілі болды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
"Ұлттық қордың инвестициялық кірісі бірінші жартыжылдықта 2,3 миллиард долларға жетті. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері жыл басынан бері 1,7 триллион теңгеге ұлғайып, 27,8 триллион теңгені құрады",- деп айтылған хабарламада.
Сондай-ақ, президентке экономиканы несиелендіру динамикасы туралы баяндалды.
Атап айтқанда, 2026 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша банктердің бизнеске берген кредиттерінің несие портфелі жылдық мәнде 17,1 пайызға ұлғайған. Бұл ретте шағын және орта бизнесті кредиттеу қарқыны 29,6 пайызға дейін жеделдеген.
"Сонымен қатар, тұтынушылық кредиттің өсуі жыл басындағы 21,0 пайыздан 13,0 пайызға дейін баяулаған. Бұл қабылданған пруденциялық шаралардың тиімділігін және тұтынушыларды кредиттеу қарқыны қалыпқа келгенін көрсетеді. Осылайша, кредит ресурстары бизнесті қаржыландыруға көбірек бағыттала бастады",- деп атап өтті баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа экономикадағы ахуал, іскерлік белсенділік, инфляция факторлары және бағаны тұрақтандыру үшін қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат берілді.
Ақорданың мәліметінше, жылдық инфляция он ай қатарынан төмендеп, шілдеде 10,2 пайызды құрады.
Мемлекет басшысына цифрлық қаржы активтері индустриясын және Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынылды.
"19 шілдеден бастап Ұлттық төлем жүйесі аясында кез келген банктің клиенттеріне өзара QR арқылы төлем жасауға және телефон нөмірі бойынша ақша аударуға мүмкіндік беретін тетік іске қосылды. Жүйе жұмыс істей бастаған сәттен бері жалпы сомасы 170 миллиард теңге болатын 6,5 миллион операция өңделді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Тимур Сүлейменовтің айтуынша, Ұлттық банк баға тұрақтылығын қамтамасыз етіп, инфляцияны орта мерзімде 5 пайызға дейін төмендету үшін барлық қажетті шараны қабылдап жатыр.
Кездесу соңында Президент Ұлттық банк қызметі бойынша бірқатар міндет жүктеп, инфляцияны одан әрі тұрақтандырудың маңызына назар аударды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.08.2026, 16:19 22891
Қазақстан ЕАЭО елдеріне ауыл шаруашылығына ЖИ енгізуді ұсынды
Достарға айту
Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдеріне ауыл шаруашылығында жасанды интеллектіні бірлесіп қолдануды ұсынды. Бастама ЕАЭО-ның Агроөнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңесінің отырысында талқыланды.
Қазақстан өсімдік және мал шаруашылығында ЖИ қолданылатын пилоттық жобаларды іске қосып, кейін табысты шешімдерді Одақтың басқа елдеріне таратуды ұсынды.
Ұсынылған мәліметтерге сәйкес, бүгінде еліміздегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің 100%-ы цифрландырылған, ал аграршыларға мемлекеттік қолдау электрондық форматта көрсетіледі. ЕАЭО аясында фитосанитариялық сертификаттар бойынша деректер алмасу электрондық форматта жолға қойылған. Қазақстан мен Ресейдің ақпараттық жүйелерін интеграциялау ЕЭК алаңында халықаралық сынақтардан сәтті өтті.
Отырысқа қатысушылар азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін талқылады. Ресейдің Ауыл шаруашылығы министрі Оксана Луттың мәліметінше, өткен жылдың қорытындысы бойынша ЕАЭО-ның өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі 94%-ды құрады.
"Одақ аясындағы ғылыми әлеуетті шоғырландыру - заманауи агроөнеркәсіптік кешеннің инновациялық негізін қалыптастырудың қажетті шарты. Аграрлық ғылымды дамыту бағытындағы бірлескен жұмыс озық әзірлемелерді енгізуге және бүкіл саланың тиімділігін арттыруға қажетті нәтиже береді", - деп атап өтті Оксана Лут.
Тараптар АӨК-тегі бірлескен жұмысты кооперациялық жобаларды іске асыру, тұқым шаруашылығы мен селекцияны дамыту, инвестициялық және өндірістік кооперация, сондай-ақ 2026-2030 жылдарға арналған ғылыми зерттеулер мәселелерін де талқылады.
Қойма куәліктері жүйесі тағы бір талқыланған тақырып болды. Тиісті келісім 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енді. Ол астық пен басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін несие алу үшін кепіл ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, қатысушылар ЕАЭО-да халал өнімдерді өзара тану туралы келісімді дайындау мәселесін талқылады. Бастаманы Қырғызстан ұсынды. Ортақ ережелер әкімшілік кедергілерді азайтып, өзара сауданы жеңілдетеді деп күтілуде.
"Біздің елдерімізде өндірістік, инвестициялық және ғылыми әлеует айтарлықтай жоғары. Келесі кезеңнің міндеті - осы мүмкіндіктерді барынша тиімді біріктіру. Бірлескен жобалар жаңа қосылған құн жасауға, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға, өткізу нарықтарын кеңейтуге және ЕАЭО өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға тиіс", - деп атап өтті министр.
Келесі жылы ЕАЭО Агроөнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңесіне төрағалық ету Қырғыз Республикасына өтеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.08.2026, 12:24 30696
Vietjet Qazaqstan Әуекомпаниясы Павлодарға жаңа рейсті іске қосты
Сурет: Vietjet
Достарға айту
Vietjet Qazaqstan әуе компаниясы Астанадан Павлодарға және кері бағытта қатынайтын жаңадан рейс ашты.
"2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап VIETJET QAZAQSTAN Астана-Павлодар-Астана бағытын ашады. Рейстер аптасына төрт рет: сейсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі күндері орындалады", - деп айтылған әуе тасымалдаушының сайтында.
Рейс сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері келесідей кесте бойынша орындалады:
Астанадан Павлодарға - сағат 07:50-де және 09:15-те;
Павлодардан Астанаға - сағат 09:40-та және 11:00-де.
Жексенбі күндері:
Астанадан Павлодарға - сағат 17:15-те және 18:40-та;
Павлодардан Астанаға - сағат 19:05-те және 20:25-те.
Естеріңізге сала кетсек, Қытайдың Urumqi Airlines әуе компаниясы Қазақстанға мына бағыттар бойынша жаңа тұрақты рейстер ашуды жоспарлауда:
Үрімші - Қарағанды;
Құлжа (Инин) - Астана;
Құлжа (Инин) - Алматы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.08.2026, 10:59 31571
Бельгиялық компаниялар Қазақстанда астық өңдеуге қызығушылық танытуда
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Бельгиялық Maselis және Borlix NV компаниялары Қазақстанмен астықты терең өңдеу, тағамдық ингредиенттер мен жем-шөп өндіру салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастырып жатыр. Бұл туралы Қазақстанның Бельгиядағы елшісі Роман Василенконың Батыс Фландрия провинциясына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша белгілі болды, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Компания басшылығымен өткен кездесулерде тараптар астық өңдеудің заманауи технологияларын Қазақстанда жергіліктендіруді және агроөнеркәсіптік салада бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндігін талқылады.
Қазақстан тарапының мәліметтеріне сүйенсек, 2025 жылы Қазақстанның Бельгияға экспорты 48%-ға өсіп, 311,5 млн АҚШ долларына жетті. Бұл ретте негізгі экспорттық тауарды зығыр тұқымы құрады. Бельгия қазақстандық зығырдың Еуропадағы ең ірі өткізу нарығы болып табылады, ал Қазақстан бүгінде ЕО нарығына зығыр тұқымын жеткізушілер арасында бірінші орында тұр.
Василенко сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағытының (Орта дәліз) Еуразиядағы қарқынды дамып келе жатқан көлік бағыттарының бірі ретіндегі әлеуетін жан-жақты таныстырып, Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерін Еуропалық Одақ елдеріне жеткізуді одан әрі ұлғайту үшін Антверпен-Брюгге портының инфрақұрылымын пайдалану мүмкіндіктеріне назар аударды. Сапар аясында ол сондай-ақ Зебрюгге порт кешеніне барды.
Сонымен қатар, елші Бланкенберге қаласының мэрі Бьёрн Прассемен кездесті. Тараптар қаланың Қазақстанның туристік өңірлерімен ынтымақтастығын, соның ішінде курорттық аумақтарды басқару, экологиялық жобалар, яхта инфрақұрылымы мен қалалық мобильділікті дамыту мәселелерін талқылады.
Тараптар сондай-ақ Қазақстан мен Бельгияның өңірлері және муниципалитеттері арасында тікелей байланыстар орнатуға ниетті.
Бельгиялық компаниялар Бельгия королі Филипптің 2026 жылдың күзіне жоспарланған Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапары қарсаңында әлеуетті серіктестер ретінде қарастырылып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
INTERNET TELEVISION
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
18.08.2026, 09:25Қазақстан шығыстағы су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту бойынша ауқымды жоба әзірлеп жатыр
14.08.2026, 18:36 58111Қазақстан Пәкістанмен стратегиялық серіктестікті тереңдетуге ниетті - Көшербаев15.08.2026, 11:36 54181Тоқаев: Қазақстан Лихтенштейнмен көпжылдық қатынастарды жоғары бағалайды15.08.2026, 11:20 52776Тоқаев Конгоны Қазақстанның Африкадағы маңызды серіктесі деп атады15.08.2026, 14:15 52056Үш жыл жүргізілген келіссөз: Қазақстан Оңтүстік Кореяның жұмыспен қамту жүйесіне енгізілді15.08.2026, 15:26 51816Израильде Қазақстандағы конституциялық реформа мен сайлау мәселесі талқыланды
24.07.2026, 17:33 106021АҚШ Қазақстаннан әкелінетін жекелеген тауарларға 12,5% мөлшерінде баж салығын енгізді24.07.2026, 13:01 99726Ресейдегі қоймаларға жасалған шабуылдардан кейін Қазақстандық Wildberries селлерлері үлкен шығынға ұшырағандарын мәлімдеді23.07.2026, 17:20 98296Маңғыстау облысы Қазақстан мен Өзбекстанның Өңір басшылары кеңесін қабылдауға дайындалуда23.07.2026, 16:25 93656Мәскеуде Яссауи іліміне қатысы бар XVII ғасырдың сирек қолжазбасы табылды23.07.2026, 14:36 92181Сарапшы: Алматының бас жоспарына қатысты дау - қаланың жаңа даму моделіне төтеп беру қабілетіне қатысты мәселе

