02.05.2023, 13:11 29551

Қазақстан импорттық қантқа 90%-дан астам тәуелді - Жұманғарин

Қазақстан импорттық қантқа 90%-дан астам тәуелді - Жұманғарин
Сурет: Pixabay.com
Нарықты қорлармен молықтыру жөніндегі үйлестіру жұмыстары жалғасуда

Астана. 2 мамыр. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасының қант бойынша импортқа тәуелділігі 90%-дан асады, деп мәлімдеді Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин.

Бүгінгі таңда 2022 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 9 атауы бойынша импортқа тәуелділік 16,2%-дан 55,9%-ға дейін және қант бойынша 90% тәуілділік бар", - деді Сауда министрлігінің басшысы.


Сондай-ақ, сауда және интеграция министрінің айтуынша, нарықтағы бағаны тұрақтандырудың қолданыстағы тетіктері аясында қалыптастырылған қорлармен молықтыру жөніндегі үйлестіру жұмыстары жалғасуда.

Биыл тарифтік/тарифтік емес реттеудің уақытылы шаралары оң нәтиже берді. Мәселен, күнбағыс тұқымына кедендік баж салығын енгізу нәтижесінде өндірушілерде күнбағыс майының бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік туды", - деді Серік Жұманғарин.


Ол қазіргі уақытта өңдеу кәсіпорындарында және сауда орындарында күнбағыс майы бағасының төмендеу динамикасы байқалатынын атап өтті.

Пияздың агрессивті экспортын болдырмау үшін 3 айға экспортқа тыйым салынған, кейінен бұл тыйым квотаға ауыстырылды. Бұл шара халықты пиязбен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді және алдыңғы жылдардағы қырыққабат пен картоп сияқты бағаның күрт өсуіне жол бермеді", - деді министр.


Бұдан басқа, қазіргі уақытта 2024 жылдың маусымаралық кезеңін қамтамасыз ету үшін 2023 жылғы күзгі егінге келісім-шарт бойынша жұмыс жалғасуда. Бүгінгі таңда 90,0 мың тоннаға жуық өнім қалыптастырылды.

Жергілікті атқарушы органдар келесі жылдың маусымаралық кезеңіндегі келісім-шарттарды жасасуды жылдамдатуы керек", - деп атап өтті СИМ басшысы.


Сонымен қатар, ішкі нарықтың қанықтылығын қамтамасыз ету үшін осы жылдың мамыр-маусым айларында ерте импортталған көкөністерді жеткізу мәселесі пысықталуда.

Бүгінгі таңда "Тәжагропромэкспорт" 50 мың тоннаға дейін ерте пісетін пиязді жеткізіп беруге дайын. Ерте пісетін пиязды жеткізуді ұйымдастыру үшін "KTZ Express" АҚ - "KZTE Commerce" филиалы тартылды. Бұл компания пиязды орталықтандырып сатып алуды, кедендік тазартуды, тауарды қабылдауды және оны аумақтық әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларға бөлуді қамтамасыз етеді", - деді Серік Жұманғарин.


Жергілікті атқарушы органдар мен әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар Сарыағаш станциясынан тауарды уақsтылы алып, өңірлерге жеткізуді және баға тұрақтылығын қамтамасыз етуі тиіс. Сондай-ақ "UZKAZTRADE" компаниясымен бірлесіп, жеткізумен бірге құны 130 тг/кг, тұратын қырыққабатты Өзбекстаннан сатып алу мәселесі пысықталды.

Сонымен қатар Түркістан облысының фермерлерінде ерте піскен қырыққабат аталған бағамен қазіргі танда сатуына байланысты біз отандық тауар өндірушіні қолдау мақсатында өзбек қырыққабатын сатып алудан бас тарттық. Қырыққабат өндірушілердің тізімі барлық аймаққа ақпарат ретінде берілді. Барлық аумақ осы қырыққықабатты тікелей сатып алып, аумақтарға жеткізіп, интервенцияны жүргізуі қажет", - деді сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин.


Министрдің айтуынша, келешекте ерте пісетін қырыққыбаттын бағасы мамыр айында төмендейді деп күтілуде. Нарықты ерте пісетін картоппен қамтамасыз ету үшін Пәкістан мен Өзбекстаннан жеткізу пысықталуда. Бүгінгі таңда барлық сақтау нысанының ішінде елімізде тек 200-ге жуық көкөніс қоймасында климаттық жабдықтар бар.

Қоймадағы көкөністердін көлемін анықтау мақсатында талдау жүргізу кезінде дәйекті тауар балансын қалыптастыру үшін деректердің болмауы проблемасы анықталды. Осыған байланысты Ұлттық статистика бюросына қоймалардағы көкөніс қорлары бойынша статистикалық деректер әзірлеу және енгізу туралы ұсыныс енгізілді.

Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарда тіркелмеген көкөніс қоймаларына түгендеу және тіркеу жұмыстарын жүргізіп, оларды салық есебіне қоюды тапсырдым. Сонымен қатар Ауыл шаруашылығы министрлігі, Сауда және интеграция министрлігі және жергілікті атқарушы органдар көкөніс қоймаларын санаттарға бөлуі жұмыстарын жүргізеді", - деді Серік Жұманғарин.


Нәтижесінде барлық көкөніс қоймасын статистикалық есеппен қамтып, еліміздің қоймаларындағы көкөністер бойынша дәйекті деректер тұрақты түрде қолжетімді болады. Сонымен қатар алдын ала бағалау жұмыстары нәтижесінде сақтау қуаттарында айтарлықтай тапшылық байқалуда.

Егер біз заманауи сақтау форматтарының талаптарына сәйкес келетін қоймаларды ғана ескеретін болсақ, онда тапшылық әлдеқайда көп болады. Жалпы түгендеу нәтижелері бойынша 2025 жылға дейін көкөніс қоймаларын салу және жаңғырту жөніндегі кешенді жоспар пысықталатын болады", - деді сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин.


Бұған дейін ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстанның өз өндірісі есебінен өнімдермен қамтамасыз етілуі туралы айтқан болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны