27.05.2020, 19:50 9978

Қазақстан өңірлерінде газға көтерме саудадағы шекті бағалар өспейді

Бұл туралы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев халық алдында есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚР ЭМ баспасөз қызметі.

Алматы. 27 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан өңірлерінде газға көтерме саудадағы шекті бағалар өспейді.

Бұл туралы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев халық алдында есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚР ЭМ баспасөз қызметі.

Министр хабарлағандай халыққа, өнеркәсіптік тұтынушылар мен Қазақстан Республикасының кәсіпкерлеріне қолдау көрсету үшін ҚР Энергетика министрлігі тауарлық газға шекті көтерме бағалардың өсуіне жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізді.

Өңірлер үшін тауарлық газға шекті көтерме бағаларды ағымдағы деңгейде сақтау туралы шешім қабылданды.

Ағымдағы деңгейде бекітілген тауарлық газға шекті көтерме бағалар халық, кіші және орта бизнес, бюджеттік ұйымдар үшін тауарлық газға бөлшек сауда бағаларын тежеуге әкеледі және мультипликативті әсер ретінде жылу энергиясын өндіретін және электр энергиясын шығаратын отын-энергетикалық кешені үшін тарифтерді тежеуге ықпал етеді.

Бұрын 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Министрлік тауарлық газға шекті көтерме сауда бағаларын өңіріне қарай 3,8-ден 17,5% шегінде төмендетті. Бұл еліміздің барлық газдандырылған өңірлерінде электр энергиясы мен жылуға түпкілікті бағаны төмендетуге мүмкіндік берді.

Министрлік бекіткен тауарлық газға шекті көтерме сауда бағасы 2019 жылғы 1 шілде - 2020 жылғы 30 маусым аралығында да ағымдағы деңгейде сақталды.

Астанада және Қазақстанның екі өңірінде тауарлық газға шекті көтерме сауда бағасы алғаш рет бекітілді

"Сарыарқа" магистральдық газ құбыры құрылысының арқасында Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола және Қарағанды облыстарының тұрғындары көгілдір отынды пайдалануға мүмкіндік алды. Бұл туралы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев халық алдында есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚР ЭМ баспасөз қызметі.

Қызылорда облысынан басталатын "Сарыарқа" газ құбыры еліміздің астанасын, орталық және солтүстік өңірлерді көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Нұр-Сұлтан қаласының, Ақмола және Қарағанды облыстарының тұтынушылары үшін ҚР Энергетика министрлігі шекті көтерме бағаны 1000 м3 үшін ҚҚС-сыз 24 537 теңге мөлшерінде бекітті.

Тауарлық газға шекті көтерме бағаны ҚР Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігімен келісу арқылы ұлттық оператордың тауарлық газды сатып алуға және тауарлық газды тасымалдауға кеткен шығындарына сүйене отырып, өңірлерді газбен қамтудың экономикалық және әлеуметтік жағдайларын ескере отырып, бекітеді.

Қазіргі уақытта магистральдық газ құбырына қосу үшін жергілікті атқарушы органдар (Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды және Ақмола облыстарының әкімдіктері) газды одан әрі халыққа беру үшін газ тарату желілерінің құрылысы бойынша жұмыстар жүргізуде.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны