28.09.2021, 20:35 24757

Қазақстан мен Башқұртстан Нұр-Сұлтан - Уфа тікелей әуе рейсін іске қосуды талқылауда

2021 жылғы қаңтар-шілде айларында Қазақстан мен Башқұртстан арасындағы тауар айналымының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,2%-ға өсіп, шамамен $200 млн құрады.
НҰР-СҰЛТАН. 28 ҚЫРКҮЙЕК - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабировпен кездесу барысында стратегиялық серіктестігін одан әрі тереңдету бойынша өзара іс-қимылдың жай-күйі мен перспективаларын талқылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Үкімет басшысы Қазақстанның Башқұртстанмен сауда-экономика, инвестиция, көлік-логистика, энергетика, АӨК, өнеркәсіптік кооперация және басқа да салалардағы ынтымақтастығын арттыру үшін елеулі әлеуеттің бар екенін атап өтті.
 

Нұр-Сұлтан мен Уфа қалалары арасында тікелей әуе қатынасын ашу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Келіссөз барысында аймақаралық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ Жайық (Орал) трансшекаралық өзенінің ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

 
2021 жылғы қаңтар-шілде айларында Қазақстан мен Башқұртстан арасындағы тауар айналымының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,2%-ға өсіп, шамамен $200 млн құрады.
 
Кездесуге Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев және т. б. қатысты. 
 
Радий Хабировтың Қазақстанға сапары аясында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен, Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевпен, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевпен кездесуі, Қазақстан-Башқұртстан іскерлік форумына қатысуы, АХҚО және Үкіметтің Цифрлық офисіне баруы жоспарланған.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны