10.10.2026, 14:58 66241 / 12420

Қазақстан мен Италия жалпы сомасы 436 млн долларды құрайтын келісімдер жасады

Қол жеткізілген уағдаластықтар өзара сауданы кеңейтуге, өнеркәсіптік әріптестікті дамытуға және қазақстандық экспорттаушылар үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға бағытталған
Қазақстан мен Италия жалпы сомасы 436 млн долларды құрайтын келісімдер жасады
Сурет: ҚР Сауда министрлігі
Қазақстан мен Италия Римде өткен сауда-экономикалық миссияның қорытындысы бойынша жалпы сомасы 436 млн долларды құрайтын ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.

Миссия 8 қазанда Қазақстанның сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің басшылығымен және де қазақстандық бизнес өкілдері мен Италияның 70-тен астам компаниясының қатысуымен өтті.

Тараптар екі ел арасындағы сауданы көлемін кеңейту, өнімдерді тікелей жеткізу, өнеркәсіптік ынтымақтастық және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылап, Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерінің, оның ішінде астық пен оны қайта өңдеу өнімдерінің экспортын ұлғайтуға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, қазақстандық делегация Италиядағы ең ірі кооперативтік бөлшек сауда желілерінің бірі - Coop Italia өкілдерімен кездесті. Кездесуде қазақстандық азық-түлік өнімдерін Италия дүкендеріне жеткізу мүмкіндіктері талқыланды.

"Қазақстан отандық бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер жасай отырып, халықаралық саудадағы өз ұстанымын жүйелі түрде нығайтып келеді. Біздің басымдығымыз - экспорт географиясын кеңейту ғана емес, тұрақты сауда байланыстарын қалыптастыру, өндірістік кооперацияны дамыту және қазақстандық өнімдердің әлемдік нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру", - деп атап өтті Арман Шаққалиев.


Сапар аясында министр "Италия - Қазақстан: стратегиялық диалог және ынтымақтастық перспективалары" атты дөңгелек үстелге де қатысты.

Қатысушылар инвестиция тарту, бірлескен өндірістерді дамыту және Азия мен Еуропаны байланыстыратын Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту мәселелерін талқылады.

Шаққалиев Қазақстандағы өндірісті дамыту үшін италиялық технологиялар мен тәжірибені пайдалануды көздейтін "Made with Italy in Kazakhstan" бастамасының келешегі зор екенін атап өттіп, 2027 жылға жоспарланған Қазақстан-Италия форумына дайындық мәселелерін талқылады.

Қазақстандық делегация құрамына агроөнеркәсіп кешені, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, мұнай-газ және мұнай-химия секторлары, машина жасау, құрылыс, сондай-ақ инновациялық технологиялар мен қызмет көрсету салалары кәсіпорындарының өкілдері кірді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны