17.07.2026, 15:37 47306

Қазақстан мен Таиланд арасындағы тауар айналымы 110 млн АҚШ долларынан асты

Қазақстан мен Таиланд арасындағы тауар айналымы 110 млн АҚШ долларынан асты
Қазақстан мен Таиланд арасындағы тауар айналымы 2026 жылдың алғашқы төрт айында 76%-ға өсіп, 110 миллион АҚШ долларынан асып жығылды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Таиландтың премьер-министрі Анутин Чарнвиракулмен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл көрсеткішті ең алдымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайту арқылы айтарлықтай арттыруға болады.

Сонымен қатар, кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел үкіметтерінің арасындағы өзара іс-қимылды жандандыруды ұсынды.

Ынтымақтастықтың басым бағыттарының бірі - туризм. Таиланд Қазақстан азаматтары үшін ең танымал шетелдік туристік бағыттардың бірі болып саналады. 2025 жылы аталмыш елге 150 мыңнан астам қазақстандық демалуға барған. Өз кезегінде Қазақстан да Таиланд тұрғындарына демалыстың, соның ішінде қысқы туризмнің бірегей мүмкіндіктерін ұсына алады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны