16.07.2026, 20:19 53931
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 49 млрд АҚШ долларына жетті
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
2025 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты тауар айналымы 49 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен жүргізген келіссөздер барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
"Қазір Қазақстанда 8,5 мыңнан аса Қытай компаниясы жемісті жұмыс істеп жатыр. Өнеркәсіп, энергетика, газ-химия, машина жасау және ауыл шаруашылығы секілді экономиканың түрлі секторында бірлескен ірі жобалар жүзеге асырылуда", - делінген хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев мәдени-гуманитарлық байланыстардың да жыл сайын нығайып келе жатқанын атап өтті.
"Былтыр Қазақстанға 1 миллионнан астам Қытай азаматы сапарлап келді. Екі ел астаналарында мәдени орталықтар ашылды. Елімізде Лу Бань шеберханалары табысты жұмыс істеуде. Бұл - қос халықтың арасында қалыптасқан достық пен өзара сенімнің тағы бір айғағы", - деді Президент.
Мемлекет басшысы халықаралық аренадағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейіне де назар аударды. Оның айтуынша, екі мемлекет жаһандық орнықты даму мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұқсас ұстанымдарды ұстанады. Атап айтқанда, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, "Орталық Азия - Қытай" форматы аясында тиімді ынтымақтастық жолға қойылған.
Бұған дейін Қазақстан мен Қытай жалпы құны 15 млрд АҚШ долларын құрайтын келісімдерге қол қойғаны хабарланған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
11.08.2026, 12:24 6236
Vietjet Qazaqstan Әуекомпаниясы Павлодарға жаңа рейсті іске қосты
Сурет: Vietjet
Достарға айту
Vietjet Qazaqstan әуе компаниясы Астанадан Павлодарға және кері бағытта қатынайтын жаңадан рейс ашты.
"2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап VIETJET QAZAQSTAN Астана-Павлодар-Астана бағытын ашады. Рейстер аптасына төрт рет: сейсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі күндері орындалады", - деп айтылған әуе тасымалдаушының сайтында.
Рейс сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері келесідей кесте бойынша орындалады:
Астанадан Павлодарға - сағат 07:50-де және 09:15-те;
Павлодардан Астанаға - сағат 09:40-та және 11:00-де.
Жексенбі күндері:
Астанадан Павлодарға - сағат 17:15-те және 18:40-та;
Павлодардан Астанаға - сағат 19:05-те және 20:25-те.
Естеріңізге сала кетсек, Қытайдың Urumqi Airlines әуе компаниясы Қазақстанға мына бағыттар бойынша жаңа тұрақты рейстер ашуды жоспарлауда:
Үрімші - Қарағанды;
Құлжа (Инин) - Астана;
Құлжа (Инин) - Алматы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.08.2026, 10:59 7111
Бельгиялық компаниялар Қазақстанда астық өңдеуге қызығушылық танытуда
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Бельгиялық Maselis және Borlix NV компаниялары Қазақстанмен астықты терең өңдеу, тағамдық ингредиенттер мен жем-шөп өндіру салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастырып жатыр. Бұл туралы Қазақстанның Бельгиядағы елшісі Роман Василенконың Батыс Фландрия провинциясына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша белгілі болды, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Компания басшылығымен өткен кездесулерде тараптар астық өңдеудің заманауи технологияларын Қазақстанда жергіліктендіруді және агроөнеркәсіптік салада бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндігін талқылады.
Қазақстан тарапының мәліметтеріне сүйенсек, 2025 жылы Қазақстанның Бельгияға экспорты 48%-ға өсіп, 311,5 млн АҚШ долларына жетті. Бұл ретте негізгі экспорттық тауарды зығыр тұқымы құрады. Бельгия қазақстандық зығырдың Еуропадағы ең ірі өткізу нарығы болып табылады, ал Қазақстан бүгінде ЕО нарығына зығыр тұқымын жеткізушілер арасында бірінші орында тұр.
Василенко сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағытының (Орта дәліз) Еуразиядағы қарқынды дамып келе жатқан көлік бағыттарының бірі ретіндегі әлеуетін жан-жақты таныстырып, Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерін Еуропалық Одақ елдеріне жеткізуді одан әрі ұлғайту үшін Антверпен-Брюгге портының инфрақұрылымын пайдалану мүмкіндіктеріне назар аударды. Сапар аясында ол сондай-ақ Зебрюгге порт кешеніне барды.
Сонымен қатар, елші Бланкенберге қаласының мэрі Бьёрн Прассемен кездесті. Тараптар қаланың Қазақстанның туристік өңірлерімен ынтымақтастығын, соның ішінде курорттық аумақтарды басқару, экологиялық жобалар, яхта инфрақұрылымы мен қалалық мобильділікті дамыту мәселелерін талқылады.
Тараптар сондай-ақ Қазақстан мен Бельгияның өңірлері және муниципалитеттері арасында тікелей байланыстар орнатуға ниетті.
Бельгиялық компаниялар Бельгия королі Филипптің 2026 жылдың күзіне жоспарланған Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапары қарсаңында әлеуетті серіктестер ретінде қарастырылып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.08.2026, 10:06 7381
Ел экономикасы жыл басынан бері 4,1 пайызға өсті
Достарға айту
Қазақстанда 2026 жылғы қаңтар-шілдедегі ЖІӨ 4,1пайызға өскен. Ұлттық статистика бюросының алдын ала мәліметтеріне сәйкес, экономикалық өсім қарқыны бірінші жартыжылдықтағы деңгейде сақталды.
Мұнай өндірудің 8,9%-ға (53,2 млн тонна) төмендеуіне және жаһандық нарықтың құбылмалылығына қарамастан, өсу орнықтылығында көрінетін оң динамикаға қол жеткізілді. Экономикалық өсу шикізаттық емес сектор есебінен қолдау тауып, ҰЭМ-нің есептеуінше, биылғы жеті айда 5,4%-ға өскен.
Экономиканың негізгі сегменті-өңдеу өнеркәсібі-9,0% - ға жоғары өсу қарқынын көрсетті. Ең жоғары көрсеткіш фармацевтика (38,5%), дайын металл бұйымдарын өндіруде - 35%, химия өнеркәсібінде - 26,9% және машина жасауда - 22% тіркелді.
Тамақ өнімдерін өндіру 13,9%-ға, құрылыс материалдарын өндіру 9,4%-ға артты.
Сондай-ақ, құрылыс саласында - 15,3%, көлік және қоймада - 7,4%, саудада - 5,9%, ауыл шаруашылығында - 5%, байланыс саласында 4,3% өсім тіркелді.
Алдыңғы жылдары экономика серпіні мұнай секторына көбірек тәуелді болды: өндіріс көлемінің төмендеуі ЖІӨ өсімін баяулатса, оның артуы, керісінше, экономикалық өсімді жеделдететін.
Соңғы жылдары өңдеу өнеркәсібін және көлік инфрақұрылымын дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ шикізаттық емес салаларға салынатын инвестициялардың артуы аясында экономиканың мұнай өндіруге тәуелділігі төмендеді. 2025 жылғы қорытынды бойынша ЖІӨ құрылымындағы мұнай өндіру үлесі 7,8%-ға дейін қысқарған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.08.2026, 21:45 33906
Астана мен Афина энергетика мәселелерін талқылады
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен Грекия Республикасының Сыртқы істер министрі Георгиос Герапетритис телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сұхбат барысында тараптар саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, сондай-ақ ынтымақтастықтың болашақ бағыттарын талқылады.
Сыртқы саяси ведомстволары басшыларының келіссөздерінде көмірсутектерді тасымалдаудың жаһандық бағыттарының тұрақтылығына баса назар аудара отырып, энергетикалық ынтымақтастықтың мәселелері негізгі орынға шықты.
Министрлер Еуропа нарықтарын қазақстандық мұнаймен қамтамасыз ететін негізгі артерия - Каспий Құбыр Консорциумының (КҚК) айналасындағы ахуалды талқылады.
Тараптар КҚК тұрақты жұмыс істеуі теңізде еркін әрі қауіпсіз жүзу қағидаттарының сақталуына тікелей байланысты екеніне ортақ пікір білдіріп, маршруттың тұрақсыздандыруына бағытталған кез келген әрекетке жол берілмейтінін атап өтті.
Сонымен қатар дипломаттар екіжақты күн тәртібіндегі мәселелердің кең ауқымын қарастырып, өзара мүдделі бағыттардағы байланыстарды кеңейтуге ортақ ниеттерін білдірді.
Сұхбат соңында тараптар тұрақты саяси диалогты сақтауға және жоғары деңгейдегі байланыстарды жалғастыруға уағдаласты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.08.2026, 11:30 38226
Қазақстан 10 елмен экономикалық ынтымақтастықты күшейтуге ниетті
Достарға айту
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Түркия, Қытай Халық Республикасы, Әзербайжан, Корея Республикасы, Жапония, Тәжікстан, Франция, Германия, Ұлыбритания және Түрікменстан сияқты елдермен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Нәлібаев аталған мемлекеттермен өзара тиімді байланыстарды дамыту Қазақстан пезидентінің ерекше бақылауында екенін атап өтті.
"Кеңесте мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың басшылары аталған елдермен экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі және бірлескен жобалардың іске асырылу барысы туралы баяндама жасады.Тараптап шетелдік серіктестермен экономикалық ынтымақтастықтың күн тәртібіндегі негізгі мәселелер талқыланып, сыртқы экономикалық байланыстарды одан әрі дамытудың перспективалы бағыттары айқындалды"- деп жазылған хабарламада.
Нұрлыбек Нәлібаев шетелдік серіктестермен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту елдің өнеркәсіптік әрі технологиялық дамуының маңызды факторы екенін атап өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру жөніндегі жұмысты күшейту, жаңа бастамаларды айқындау бағытындағы жұмысты жалғастыру тапсырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.08.2026, 20:35 44546
Кувейт Қазақстаннан ауыл шаруашылығы өнімдерінің импортын арттыруға ниетті
Достарға айту
Кувейт Қазақстаннан ауыл шаруашылығы өнімдерінің импортын арттыруға мүдделі. Бұл туралы Қазақстанның Кувейттегі елшісі Ержан Елекеевтің Кувейттің Сауда және өнеркәсіп министрі Осама Будаимен кездесуі барысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
"Тараптар қазақстандық ет өнімдерін жеткізу жөнінде қол жеткізілген уағдаластықтарды және оның түр-түрін одан әрі кеңейту перспективаларын атап өтті",- деп айтылған хабарламада.
Сонымен қатар, тараптар көлік-логистикалық өзара іс-қимылды дамыту мәселелерін, оның ішінде салынып жатқан өңірлік Gulf Railway теміржол желісін "Солтүстік-Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізімен ықпалдастыру перспективаларын талқылады. Бұл перспективада Қазақстан өнімдерін Парсы шығанағы мемлекеттеріне жеткізу үшін неғұрлым тиімді логистикалық бағыттарды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сауда көлемін ұлғайту, агроөнеркәсіптік ынтымақтастықты дамыту және инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту бағытындағы практикалық жұмысты жалғастыруға дайын екендерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.08.2026, 16:19 47746
2027 жылдан бастап ЕАЭО-да шетелдік онлайн-сатып алуға арналған жаңа ережелер күшіне енеді
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерінің үкімет басшылары 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап сыртқы электрондық сауданы реттеудің жаңа ережелерін іске қосуға қажетті барлық шараны дайындауды тапсырды.
Еуразиялық экономикалық комиссияның хабарлауынша, Армения, Беларусь, Қазақстан және Қырғызстан ЕАЭО Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу жөніндегі хаттаманы ратификациялауды аяқтады. Құжат ЕЭК соңғы ратификациялық грамотаны алғаннан кейін күшіне енеді.
ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепневтің айтуынша, негізгі өзгеріс шетелдік интернет-дүкендер арқылы сатып алынатын тауарлардың реттеудің ерекше ережелері қолданылатын жеке санатқа бөлінуінде.
Осыған байланысты Одақ елдері қажетті нормативтік-құқықтық базаны дайындап, ұлттық заңнама мен ақпараттық жүйелерді жаңартып жатыр.
Жаңа ережелер күшіне енгеннен кейін электрондық сауда тауарларының көпшілігіне тауар құнының 5%-ы мөлшерінде, бірақ әр килограмына кемінде 1 еуроны құрайтын бірыңғай кедендік баж мөлшерлемесі қолданылады. Сондай-ақ 200 еуро көлеміндегі бажсыз әкелу шегі сақталады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.08.2026, 13:38 49551
Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры тағайындалды
Сурет: ҚМГ
Достарға айту
Мұсайбеков Мұратжан Жүнісбекұлы "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС (АМӨЗ) қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен зауыттың бас директоры (Басқарма төрағасы) қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметіне.
Мұратжан Мұсайбеков әр жылдары "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ жүйесінде түрлі қызметтер атқарған. Атап айтқанда, ҚМГ-ның мұнай-газ өңдеу және мұнай-химиясы жобаларын іске асыру жөніндегі директоры, мұнай өңдеу жөніндегі басқарушы директоры, "ҚазМұнайГаз - өңдеу және маркетинг" АҚ бас директорының орынбасары, "KPI Inc." ЖШС Басқарма төрағасының бірінші орынбасары болды. Сонымен қатар мемлекеттік және жекеменшік ұйымдарда еңбек етті.
ҚМГ басшылығы Атырау мұнай өңдеу зауытының алдына операциялық тиімділікті арттыру, жеңіл мұнай өнімдерінің шығару көлемін ұлғайту, өндірістік процестердің сенімділігі мен энергия тиімділігі деңгейін арттыру, экологиялық жобаларды одан әрі іске асыру, сондай-ақ қызметкерлер үшін жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау жөнінде нақты міндеттер қойды. Зауыттың тұрақты және үздіксіз жұмысының маңызы атап өтілді.
"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысының шешіміне сәйкес бұған дейінгі кәсіпорынның бас директоры (Басқарма төрағасы) Бишімов Қуаныш Ердәулетұлының өкілеттігі тоқтатылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
INTERNET TELEVISION
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
12.08.2026, 09:58Каспий теңізі күні 12 тамызда атап өтілуде 12.08.2026, 15:06 5741Елімізде бизнесті қолдау орталықтары ашылады12.08.2026, 15:45 5251Қазақстан Каспий маңы елдерін теңізі деңгейінің төмендеуіне қарсы күресті күшейтуге шақырды12.08.2026, 09:14 4836Бұтақты шатқалында Алматының тау кластерін дамыту аясында жүзден астам ағашты кесу жоспарлануда12.08.2026, 11:55 4531Израильде Қазақстандағы саяси өзгерістер таныстырылды
06.08.2026, 15:56 73411Қазақстанда шетелдік танымал тұлғалар бейнеленген саяси үдерістерге қатысты фейктердің жаңа толқыны анықталды06.08.2026, 13:30 7327616 тамыздан бастап ҮАААЖ-мен жүру құны екі есе қымбаттайды06.08.2026, 16:21 72981Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты06.08.2026, 17:55 71436СҚО ауылдарын сумен қамтуға қайтарылған активтер есебінен 2,7 млрд теңге бөлді06.08.2026, 18:38 60696"Тақтар ойынының" жұлдызы Қазақстан туралы алғашқы әсерімен бөлісті
24.07.2026, 17:33 105616АҚШ Қазақстаннан әкелінетін жекелеген тауарларға 12,5% мөлшерінде баж салығын енгізді24.07.2026, 13:01 99336Ресейдегі қоймаларға жасалған шабуылдардан кейін Қазақстандық Wildberries селлерлері үлкен шығынға ұшырағандарын мәлімдеді23.07.2026, 17:20 97916Маңғыстау облысы Қазақстан мен Өзбекстанның Өңір басшылары кеңесін қабылдауға дайындалуда17.07.2026, 23:10 97076Қазақстан БҰҰ алаңында волонтерлікті дамытудың үздік тәжірибелерін таныстырды17.07.2026, 14:41 94936ЖИ дамыту әскери бәсекеге емес, бейбітшілік қағидаттарына негізделуі қажет - Тоқаев

