01.02.2021, 18:32 14163

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы карантиндік шаралар жаздың басына дейін сақталады

Қазір көлікті дезинфекциялау мен термиялық өңдеу 1,5 сағатқа дейін созылады, ал вагон немесе контейнерлерге 2 сағаттан 6 сағатқа дейін уақыт кетеді.
Нұр-Сұлтан. 1 ақпан. Kazakhstan Today - "Атамекен" ҰКП-ға Қазақстан СІМ арқылы ҚХР СІМ-нен қытайлық тарап қысқы және көктемгі кезеңдерде карантиндік шараларды сақтайтыны туралы ескерту хат келіп түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Атамекен" ҰКП баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Санитарлық тазарту жұмыстары мен тексерістің ұзаққа созылуы салдарынан жүк тиеген автокөлік пен вагондардың Қытаймен шекарадағы ұзын-сонар кезек мәселесі әлі шешілген жоқ. Бүгінде "Нұр жолы" өткізу пунктіндегі электронды кезекте 8 мыңнан аса жүк көлігі тіркелген. Оның ішінде 600 көлікте жүк бар, ал 8 мың вагон Қытай шекарасына баратын жолда қараусыз қалған", - деп хабарлады "Атамекен" ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Талғат Темірханов.

 
Оның айтуынша, қазір көлікті дезинфекциялау мен термиялық өңдеу 1,5 сағатқа дейін созылады, ал вагон немесе контейнерлерге 2 сағаттан 6 сағатқа дейін уақыт кетеді.
 
2020 жылдың желтоқсан айының басында "Атамекен" палатасы ресми сайтына ҚР ИИДМ-нің хатын орналастырды. Осы хат негізінде кәсіпкерлер Қазақстан Сыртқы сауда палатасына форс-мажор жағдай туралы куәлік алуға өтінім жібере алады. Аталмыш хат жарияланғалы бері Қазақстанның Сыртқы сауда палатасына кәсіпкерлерден 64 өтінім түсіп, 28 куәлік берілген. 
 

Кәсіпкерлер расында қиын жағдайға тап болып тұр, бізге ең алдымен медициналық тауарларды жеткізуге қатысты өтінімдер келіп түсті. Кәсіпкерлерден бөлек, бұл жағдай "ҚТЖ – Жүк тасымалдары" ЖШС-ның клиент тасымалдау және қызмет көрсету бойынша міндеттемелерін орындамай алмауына әкеп соқтырды. Оларға 6000-нан астам шағым түсті", – деді Сыртқы сауда палатасының өкілдері.

 
Бұған дейін бірнеше рет айтылғандай, көліктердің шекарада жиналып қалуы – ҚХР-да карантин шаралары мен Қытай жағында жүк қабылдау және тиеу кезіндегі бақылау шараларының күшеюі, әрбір көлік құралының мұқият санитарлық тазартудан өтуі себеп. Қазіргі кезде әрбір вагон ғана емес, әр қап тексеріліп жатқандықтан, мөшектегі астықты қабылдауды шектек туралы мәселе қарастырылып жатыр.
 

Әлеуметтік-экономикалық шиеленіс туындамас үшін, жағдайды барлық нарық ойыншыларының теңдігі мен өзара пайдасы негізінде тұрақтандыру қажет деп ойлаймыз", – деп атап өтті Талғат Темірханов.

 
Қорытындылай келе, Ұлттық палата төрағасының орынбасары ҚР Үкіметіне Қытай тарапымен үкімет басшылары деңгейінде келіссөздер жүргізу туралы бірнеше рет өтініш түскеніне қарамастан, мәселе жүйелі түрде шешілмегенін және 2021 жылы кәсіпкерлер айыппұл арқаламас үшін "Атамекен" шекарадағы жағдайды түсіндіру мақсатында ҚР ИИДМ-ге қайта жүгінуге ниетті екенін атап өтті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны