17.07.2026, 18:21 55871

Қазақстан үнді бизнесмендеріне өзінің инвестициялық әлеуетін таныстырды

Үндістан тарапы ынтымақтастықты дамытуға мүдделік танытты
Қазақстан Тамилнад штатының басшылығы мен бизнес қауымдастығына өзінің инвестициялық әлеуетін таныстырды, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Қазақстан Республикасының Үндістандағы Елшісі Азамат Есқараев еліміздің инвестициялық әлеуетін таныстырып, жүргізіліп жатқан экономикалық реформалар, шетелдік инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып, Тамилнад компанияларын Қазақстанда жобаларды жүзеге асыруға шақырды.

Үндістан тарапы, ең алдымен, машина жасау, энергетика, денсаулық сақтау, білім беру және жоғары технологиялар салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін білдірді.

2026 жылдың қыркүйегінде Ченнай қаласында өтетін Қазақстан-Үндістан іскерлік сауда-инвестициялық форумына дайындыққа ерекше назар аударылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны