06.03.2020, 22:37 7334

Қазақстан Президенті "Қазмұнайгаз" ҰК акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Алик Айдарбаевты қабылдады

Мемлекет басшысына ұлттық мұнай-газ компаниясының 2019 жылғы жұмыстарының қорытындылары және алдағы кезеңге арналған даму жоспарлары жөнінде баяндалды.

Алматы. 6 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті "Қазмұнайгаз" ҰК акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Алик Айдарбаевты қабылдады.

Мемлекет басшысына ұлттық мұнай-газ компаниясының 2019 жылғы жұмыстарының қорытындылары және алдағы кезеңге арналған даму жоспарлары жөнінде баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Қазмұнайгаз" ҰК акционерлік қоғамының қатысуымен жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалар, әлемнің көптеген еліне коронавирус індетінің таралуына байланысты компанияның қабылдаған шаралары туралы мәлімет берілді. Сонымен қатар компанияда қызметкерлердің шетелдік іссапарларына шектеу қойылып, өндіріс орындары мен офистерде алдын алу шаралары қабылданған.

Мемлекет басшысы вирустың өндіріс үдерісіне және инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуына кері әсерін азайту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны