13.05.2022, 16:41 23046

Қазақстанда 1 сәуірден бастап АЕК пен ең төменгі күнкөріс деңгейі көтерілді

Қазақстанда 1 сәуірден бастап АЕК пен ең төменгі күнкөріс деңгейі көтерілді
НҰР-СҰЛТАН. 13 МАМЫР - "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға енгізілген түзетулерге сәйкес 2022 жылғы жекелеген есептік көрсеткіштердің мөлшері ұлғайтылды.
 
Сонымен, 2022 жылғы 1 сәуірден бастап мынадай есептік көрсеткіштердің мөлшері:
 
  • айлық есептік көрсеткіш – 3 180 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 20 191 теңге;
  • ең төменгі зейнетақы – 48 032 теңге;
  • базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі 37 389 теңгені құрайды.
 
Сонымен қатар, ең төменгі жалақы өзгерген жоқ және 2022 жылы 60 000 теңгені құрайды.
 
Сондай-ақ, жасы бойынша зейнетақы төлемдеріне және ұзақ еңбек сіңіргені үшін зейнетақы төлемдеріне бөлінетін қаражат олардың мөлшерлерінің ұлғаюын ескере отырып қарастырылады:
 
  • 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 7%-ға;
  • 2022 жылғы 1 сәуірден 4%-ға.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап АЕК мөлшері 3 063 теңгені құрады.

ҚР Президенті 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға түзетулерге қол қойды.
 
Ақпарат көзі: zakon.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны