11.04.2022, 18:37 6181

Қазақстанда АЕК мен ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерін арттыру жоспарлануда

Қазақстанда АЕК мен ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерін арттыру жоспарлануда
НҰР-СҰЛТАН. 11 СӘУІР - Ашық НҚА сайтында "2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы жарияланды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ашық НҚА сайтына сілтеме жасап.
 
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі әзірлеген заң жобасына сәйкес, елде төмендеп бара жатқан көрсеткіштерді ұлғайту жоспарлануда:
 
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 20 191 теңге;
 
- зейнетақының ең төмен мөлшерi – 48 032 теңге;
 
- жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 180 теңге;
 
- базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 37 389 теңге болып белгiленеді.
 
Заң жобасының толық мәтінімен мына жерде танысуға болады. 
 
Қазақстанда АЕК, ЕТЖ және ең төменгі күнкөріс деңгейі белгіленген.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны