12.03.2020, 15:49 3267

Қазақстанда ауыр жүк тасығыш көліктер қозғалысына уақытша шектеу енгізудің себебі неде?

"Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы" бұйрыққа сәйкес елдің жеті өңіріндегі жолдарда 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында жыл сайын жүк көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.

Алматы. 12 наурыз. Kazakhstan Today - "Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы" бұйрыққа сәйкес елдің жеті өңіріндегі жолдарда 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында жыл сайын жүк көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.

Қазақстандаклиматтың қатаң континенталды болуына байланысты көктемде еліміздің жолдарына түсетін жүктеме салдарынан жиі бұзылады. Ылғалдың мол болуынан жол төсемесінің салмақты көтеру мүмкіндігі азаяды. Осы кезеңде жолмен жүріп өтетін жүк көліктерінің салмақ түсіруі нәтижесінде жол бетінде шұңқырлар мен жарықтар пайда болады. Жол төсемесінің тиісті жағдайда сақталуын қамтамасыз ету үшін 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында жеке білікке 8 тоннадан астам жүктеме түсіретін жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді.

Алматы, Атырау, Жамбыл Қарағанды (Жезқазған өңірі), Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстары жолдарында жүк көліктерінің қозғалысына шектеу 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында енгізілсе, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды өңірі), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының жолдары ауыр жүк тасығыш көліктердің қозғалысы үшін 23 наурыз бен 1 мамыр аралығында жабық болады.

Көктемде қозғалысты уақытша шектеудің халықаралық келісімдерге сәйкес жүктер мен жолаушыларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларға қатысатын, зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсететін, тамақ өнімдерін тасымалдайтын, жолаушылар мен багажды, сондай-ақ дәрі-дәрмектерді тасымалдайтын автокөлік құралдары үшін қатысы болмайды.

Іс-шара жыл сайын жүргізілетіндіктен, логистикалық нарық нысандары жұмысына еш кедергі келтірмейді. Айта кету керек, көршілес Ресейде ауыр жүк тасығыш көліктердің қозғалысына шектеу енгізілгенде, жүк көліктердің жеке білікке түсіретін салмағы орташа есеппен6 тоннаны құрайды. АҚШ-та елдің 19 штатында жүк көліктері қозғалысына шектеу 8-9 аптаға қойылады. Ол елде қар еру кезеңінде рұқсат етілген осьтік жүктемені 20-50% уақытша төмендету жол жабынының қызмет ету мерзімін 62-95% арттыруға мүмкіндік беретіні анықталған.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны