09.11.2021, 18:42 35208

Қазақстанда қазан айында тұрғын үй бағасы көтерілді

Бір айда (2021 жылғы қазан 2021 жылғы қыркүйекке) жаңа тұрғын үйлерді сату бағалары – 1,9%, абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату 1,2% өсті.
Қазақстанда қазан айында тұрғын үй бағасы көтерілді
Сурет: ашық көздерден
НҰР-СҰЛТАН. 9 ҚАРАША - Қазақстанда 2021 жылдың қазан айында тұрғын үй бағасы көтерілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Бір айда (2021 жылғы қазан 2021 жылғы қыркүйекке) жаңа тұрғын үйлерді сату бағалары – 1,9%, абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату 1,2% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,9% жоғары болды", - деп хабарлайды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросы.

 
Бастапқы және таза әрленген пәтерлердің жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін республика бойынша орта есеппен жаңа тұрғын үйді сату бағасы 352 654 теңгені, абаттандырылған тұрғын үйді қайта сату бағасы бір шаршы метрі үшін 279 216 теңгені құрады.
 
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу жылына 19%-ға қымбаттады.
 
Қазақстанда 2021 жылғы қазан айында өткен аймен салыстырғанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 11,7%-ға азайды және 44 464-ті құрады. 2021 жылғы қаңтар - қазанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 89,1%-ға артты. 2021 жылғы қаңтар-қазанда тұрғын үйді сатып алу-сатудың 464 978 мәмілесі жасалды.
 
Ведомствоның деректеріне сәйкес, мәмілелердің ең көп саны Алматыда (6 537), Нұр-Сұлтанда (6 441) және Қарағанды облысында (5 121) жасалды. Ең аз саны Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді - 862 мәміле.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны