20.03.2020, 23:49 76780

Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 32 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді

Мейрамханалар мен дәмханалар үйге жеткізу арқылы жұмыстарын жалғастыра алады. Азық-түлік дүкендері мен дәріханалар бұрынғы тәртібінде жұмыс істейді", - деді Е. Тоғжанов.

Алматы. 20 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 32 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді.

ҚР Үкіметінде өткен онлайн-брифинг кезінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов қазіргі кезде Қазақстан аумағында COVID-19 таралмауы бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Өкімімен елімізде бір ай мерзімге төтенше жағдай енгізілді. ҚР Премьер-Министрінің жетекшілігімен Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды, оның 3 отырысы өткізілді.

Е. Тоғжанов хабарлағандай, қазіргі кезде Үкімет тәулік бойы жұмыс істейді, нақты шешімдер бір-екі күн ішінде қабылдануда. Қабылданып жатқан шаралардың барлығы тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған.

"Бірінші, кешеден бері Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының аумағында карантин енгізілді, бұл халықаралық тәжірибеге сай келеді. Біз вируспен "қозғалыс аз болған сайын таралуы да аз" ұранымен күресеміз. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының аумағына кіріп-шығуды шектеу туралы шешім қабылданды", - деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Наурыз айының 22-сі күні сағат 00.00-ден бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларымен барлық көлік түрлерінің қатынасы - әуе, темір жол, автобус арқылы адам тасымалы тоқтатылады. 22-іне дейін азаматтарға Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына еркін келуге немесе кетуге болады.

Екі қаладан шыға берісте медицина қызметкерлерінің кезекшілігімен мобильді бекеттер қойылады, шыққан адамдардың барлығына міндетті түрде сауалнама жүргізіледі.

Бұл шаралар адамдардың денсаулығына мониторинг жасау және вирустың өңірлерге таралуын болдырмау үшін қабылдануда.

"Екінші, өндірістік тауарлар сататын және ойын-сауық орталықтары, мәдени, тамақтану және қызмет көрсету орталықтары уақытша жабылды. Мейрамханалар мен дәмханалар үйге жеткізу арқылы жұмыстарын жалғастыра алады. Азық-түлік дүкендері мен дәріханалар бұрынғы тәртібінде жұмыс істейді", - деді Е. Тоғжанов.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны